Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Ұстаз- ұлы есім!

02.10.2018

Ұстаз-ұлы есім

Ізгілікті өн бойына жинаған

Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған

Тәрбиелеп жаңа адамның Отанның

Ардақтысы болған елдің мұғалім.

Шәкірттердің тыңдап, жазып,

Жас буынға төгіп білім бұлағын

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.

Шәкірттерін еліне

абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп әр шәкіртін

аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға

алғысымыз шексіз.

Тың ардагері, еңбек

ардагері Ұлы Отан соғысының 2 рет медалімен және тың игерудің 25 жылдық

медалімен мақтау грамотасының иегері Кеңес ауылының тұрғыны, зейнеткер аға

ұстаз  Жетпіс немересі Теміртас

Рамазанұлы. 1934 жылы 10 маусым айында Ұстаздың отбасында дүниеге келген екен.

Әкесі Жетпіс ұлы Рамазан ұстаз болған кісі. Ол кісі 1939 жылы ұстаздар арасында

Спандияр Көбеев екеуі Қазақстан И.В. Сталин мен М.Д. Калин көсемінде ақсақалдан

бірінші болып ‘Еңбек Қызылту’ орденімен марапатталған . Екінші рет 1950 жылы

тағы да ‘Еңбек Қызылту’ орденімен марапатталады. 1941 жылы 22 қараша айында

Отан қорғау сапарына аттанып, 1944 жылы 18 жерден жаралы болып елге оралады.

1970 жылы 73 жасында дүниеден өтеді.

Теміртас Рамазанұлы 1941 жылы 1 қыркүйек айында Қызылту бастауыш мектебіне

1 орыс сыныбына барады. Әкесі соғысқа кеткеннен кейін ауылда туыстары

болмағандықтан туған жері  Еңбек ауылы

Сталин ауданынан Ақмола облысына әкесінің ағасы көшіріп алады. Ол кезде 7 жаста

едім,- дейді  кейіпкер өз сөзінде. «Разьез

ауылдан 1-2 шақырым еді, сонда да жаяу барып оқуыма тура келді. Ауылдан жалғыз

болдым. Сонымен 1 сынып орысша бітірдім де, әрі қарай оқуды жалғастыруға

мүмкіндік болмай, оқуға бармай қойдым. Соғыс уақытында аш-жалаңаш өмір сүруге

тура келді. Ол жылдары мен секілді жастардың жағдайы соншалықты бола қойған

жоқ. Ел азаматтары соғыста, барлық жұмыс ауыртпашылық апа, әжелеріміз бен

жас-жас жеткіншектердің қарамағында болды. 

(жер соқамен жырту, шөп шабу, өгіз ат машинасымен біздер 9-10 жастағы

балалармен бірге еңбек еттік» деп ауыр күрсінеді ақсақал.

1944 жылы сәуірде

әкесі соғыстан оралып,  Қызыл-ту ауылына

ұстаздық еңбек етіпті.   Бастауыш сыныпты

сол ауылдан бітіріп, 7 жылдықты Өрнек мектебінде интернатта тәмамдаған екен.

1950-51 оқу жылында

8 сыныпқа Ақмола қаласы Сталин атындағы №2 интернатта І тоқсан оқып, Кеңес орта

мектебін 11 сыныптан бастап, интернатта тұрып оқыған екен.

1952-53 оқу жылында

9 оқушы Кеңес орта мектебін бітіріп аттестат алыпты. «Бүгінде осы 9

сыныптасынан 2 кісі ғана қалыпты-Жүнісова Төкен Исатайқызы 85 жаста, қазір

Ақкөлде тұрады. Сосын мен»,- дейді ақсақал қалың ойға шомылып...

            Ал

ұстаздық  жолы 1965 басталады. “Бұл менің

балалық шағымнан армандаған арманым еді. Әкем ұстаз болғандықтан болар”. Бірақ

өмірдің өз соқпақтары болады. 1985 жылға дейін әр салада еңбек жасадым (сауда

орнында, ауылшаруашылық саласында). Дегенмен балалық арман өз саласына тарта

берді. 1965 жылы мектеп директоры Кеңес орта мектебінің Муканов Зейніл мені

аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Канышков. Г. В алып барып сол мектепке

жұмысқа жіберуін өтінді. Ол кездері мектептің жанында интернат болатын

(Алексеевка, Макинка, Шортанды) осы үш 

ауданнан келген оқушылар тәрбие алатын 60 шақты оқушысы бар сол

интернатқа тәрбиеші бола жүріп 5-10 сыныпқа дейін қазақ тілінен  сабақ беріпті. (орыс сыныптарына және қосымша

5-10  сыныптарға) 1980-81 оқу жылында

интернат жабылған соң тарих пәнінен сабақ береді. Сонымен қатар мектеп

директорының шаруашылық жөнінде орынбасары болып 1994 жылы зейнетке шығады.

Бүгінде 84 асқан Теміртас. Жолдасы Мұздыбаева Әсия Абдрахманқызы екеуі 8 бала,

9 немере, 6 шөбере сүйіп, өсіріп, тәрбиелеп отырған жайы бар. Осы жасқа келуіме

зор еңбек етіп отырған жан жолдасы Әсияға ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін.

Сонымен қатар Кеңес орта мектебінің ұстаздар ұжымына көп-көп рахметімді

білдірем. Қандай да бір іс-шара, мерекелік концерттерге ұмытпай шақырып, сыйлап

отырғаны үшін алғысым өте көп,-  дейді

Теміртас ата.

  Теміртас атамыз

бен Әсия апамызға зор денсаулық тілей отырып,балалары мен немере-шөберелерінің

қызығына тоймай,ұзақ өмір сүруіне тілектеспіз.

 

                Кеңес орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі:Аскенова

Гүлжанар Есламбекқызы.

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст