2022 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Кеңес ауылының ЖОББМ" КММ. Заңды мекенжайы: Кеңес ауылы
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Кеңес ауылының ЖОББМ 1 қызмет көрсетіледі: Орта білім беретін мектеп ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
2022 жылда біз 40 қызмет көрсеттік. Қызметтер бірыңғай Аkmola.kz ақпараттық жүйеде көрсетілді.
30 қызмет бірыңғай ақпараттық жүйеде электрондық форматта көрсетілді. 10 қызмет қағаз түрінде көрсетілді
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажетті ақпарат Ұйымның сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай – ақ, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен Саl-орталығының телефондары көрсетілген стендтер бар (1414)
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
Халықты ақпараттандыру ақпараттандыру жоспарына сәйкес әлеуметтік желілер (тікелей эфирлер) арқылы, зум тұғырнамасындағы ата-аналар жиналыстарында, ұжымдағы оқыту семинарларында жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйым бірыңғай АЖ-да жұмыс істейді Akmola.kz., онда 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ. Қызмет көрсету сапасының бұзылуы да болған жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасы мәселесі бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғаларды сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Мектеп директорының м.а Канди Б