Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Саналы ұрпақ

«Кеңес орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Адал Ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» ерікті мектеп клубының   ЕРЕЖЕСІ

 

«Адал Ұрпақ» және «Саналы ұрпақ»  ерікті мектеп клубының анты:

«Адал Ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» еріктілер қатарына қабылдана отырып:

Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Өз отанымды, тілімді қастерлеуге;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге құштар болуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Абройлы, адал, әділетті болуға;

Өз бойымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстануға және оны өз достарымнан талап етуге, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға. Отаныма шексіз қызмет  етуге өз үлесімді қосуға  салтанатты түрде ант етемін.

Мақсаты

Рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Міндеті

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесідей 3 секциядан тұрады:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық;
  3. Мәдени көпшілік іс-шаралар;

 

Жаңартылған күні: 01.11.2019 21:41
Құрылған күні: 01.11.2019 21:47

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст