«Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Кәсіби бағдар беру қызметінің атқарылған жұмыстарына аналитикалық талдау
Мақсаты:Кәсіби бағдар беру қызметінің жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.
Мектептің кәсіби білім беру қызметінің жүйесі:
1 - кезең: жоспар құру (мектеп әкімшілігінің келісімін алу, бекіту);
2 - кезең : сұраныстардың түсуі (ата-аналардан, мұғалімдерден, мектеп
әкімшілігінен);
3 - кезең: Диагностика мен коррекциялық және психологиялық ағарту
жұмыстарын жүргізу. Кеңестер беру.
(жұмыс жоспарына сәйкес және сұраныстар бойынша)
4-кезең: Қорытынды жасау, есеп беру
2024– 2025 оқу жылында Кәсіби бағдар беру қызметі бойынша жылдық жоспар жасалынып,жоспарланған іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Мектептің Кәсіби бағдар беру қызметі жан –жақты жүргізілген психодиагностикалық жұмыстардың қорытындысын басшылыққа ала отырып түзету және дамыту жұмыстары жүргізіліп отырды. Сол сияқты алдын- ала бағыт беру шаралары да мерзімі белгіленген уақытта жүзеге асырылды.
2024-2025 оқу жылының басында қыркүйек айында жалпы мектеп оқушыларының сыныптар бойынша тізімі алынып, соның ішінде басты назар 9 сынып және11 сынып оқушыларына аударылды және соған сәйкес жоспар жасалынды.
2024 жылдың қыркүйек айында оқушылар тізімі, ата-аналары, бейіні оқушымен сұхбаттасу арқылы зерттелініп, қазан айында 7-11сынып оқушыларының арасында кәсіби бағытын анықтау мақсатында сауалнама алынды.
Қазан айының 17-де Кәсіби бағдар беру бойынша және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 9-11 сыныптар саяхат жасап барып келді. Мақсаты: Өрт кезінде қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау, жанып жатқан үй-жайдан эвакуациялау дағдыларын ұйрету, құтқарушы, өрт сөндіруші мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру болды.
Сол сияқты 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында «Мамандықты таңдауда нені ескеру керек?» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Сол сияқты оқушыларды жастайынан болашақ мамандықтарын айқын да сенімді таңдай білуге дағдыландыру мақсатында 2023 жылдың 23 желтоқсан күні 3-8сынып оқушылары арасында «Мен болашақта кім болғым келеді?» тақырыбына сурет көрмесі өткізілді.
2024жылдың 19 қаңтарында оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, бұрынғы мектебіміздің оқушысы, қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету, мамандықтардың түрлері, әр-түрлі оқу орындары жайлы хабардар ету мақсатында 8-11сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдау-болашақты таңдау »тақырыбына студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Ақпан айының 13-і күні 5-6 сынып оқушыларынан кәсіптік бағдар бойынша «Мамандықтар әлемі» тақырыбына шығарма алынды.
Шығарма нәтижесі мамандық таңдауда әр оқушы өз қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарай өз ойларын жзды. Мониторинг жасалынып, қандай мамандықтарға көп қызығушылықтары бар екендігі айқындалды. 2025 жылы 17 ақпанда 9-11сынып оқушылары арасында «Мамандығым-өмір жолым» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтап, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
22 ақпан 2023жылы 1-4 сынып оқушыларына «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» тақырыбы бойынша кітапханаға экскурсия өтті. Мақсаты: Кітапханамен таныстыру, мәлімет беру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білім пайдасы туралы, пайдалану ережесімен таныстылды. Кітапханашы мамандығының ерекшелігімен таныстырылды.
1 наурыз, алғыс айту күніне 8-11сынып оқушылар арасында «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» тақырыбы бойынша медицина саласындағы қызметкерлерімен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып отырса да, көне де қадірлі дәрігер мамандығы адамзатпен бірге жасасып келеді және ол ескірмейтін мамандықтың бірі екендігі жайлы айтылды.