Кеңес орта мектебінде «Латын әліпбиі-өркениет жолы» атты жұмыс жоспары жасалды.
Қыркүйек айында болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Елбасымыздың жолдауы талқыланды.
Қазан айында «латын әліпбиіне көшу жоспарын жасап, бекіту жұмыстары жүргізілді.Қ.Р Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекіткен Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен түсіндірмелі жұмыстары ұйымдастырылды. Жыл бойы «Латын әліпбиін үйренеміз» тақырыбында ақпараттық бұрыштар жасалуда.Кітапханашы Төлеубаева Г.Т ұйымдастырды. Мектеп бойынша латын әліпбиіне көшу бойынша стенд жасалды.Алдағы уақытта кадрларды латын әліпбиін үйрену курстарына жіберу көзделіп отыр.
Қараша айында «Латын әліпбиіне көшу-Қазақстанның дамуының кезеңдері» атты қызметкерлер үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Е.Аскенова «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты баяндама оқыды.
Желтоқсан айында «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» атты мектеп психологы Қажина Г.С сауалнама өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Аскенова Г.Е «Латын әліпбиі ХХ/-ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» атты баяндама жасады.
Қаңтар айында «Латын әліпбиі тарихынан» атты 7-11 сыныптар арасында диктант алынды.Қазақ тілі мұғалімі Аятхан Жәнібек «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады» тақырыбында слайд көрсетіп дөңгелек үстел өткізді.
Ақпан айында ағылшын мұғалімі Бағдәулет Ақжол «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты ғылыми жобамен таныстырды.
Наурыз айында «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жан белесі» атты эссе байқауы жоспарланып отыр.
Сәуір айында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты газеттерге мақала жариялау жоспарлануда. Жалпы жыл бойы «Латын әліпбиі-өркениет жолы» атты сынып сағаттары өткізіледі. Осындау жоспарлар бойынша іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі:Г.Е.Аскенова
Жаңартылған күні: 06.03.2020 09:52 Құрылған күні: 06.03.2020 09:52