Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Мұғалімдер арасында волейбол ойынынан жарыс

Қаңтардың 25 күні Ақкөл ауданында Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 100 жылдығына орай ауданымызда мұғалімдер арасында волейбол ойынынан жарыс өткізілді.  Жарысқа 9 мектеп және Ақкөл аудандық білім бөлімінен 15 команда қатысып, ең үздік ойыншылар анықталды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Саят Қайролла ұлы және Ақкөл білім бөлімінің басшысы Ашимов Келешек Қуандықұлы мен әдістемелік кабинет меңгерушісі Жаншугурова Алмагуль Сайлаубаевна қатысты. Жалпы ойынның нәтижесі бойынша "Ақкөл аудандық білім бөлімі" командасы 1 орын, "Кирдищев ЖОББМ" КММ командасы 2 орын, "Кеңес ауылының ЖОББМ" КММ командасы 3 орынға ие болды. Командалар медаль және кубокпен марапатталды. Ерекше көзге түскен үздік ойыншылар жеке номинацияларымен марапатталды. Барлық қатысқан командаларға алғысымыз шексіз!

Жаңартылған күні: 29.01.2024 19:45
Құрылған күні: 29.01.2024 19:48

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст