Текст
Бүгін "Тілім менің таусылмайтын байлығым" атты Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік іс-шара барысында қазақ тілі мұғалімі Аятхан Жәнібек "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты баяндама оқыды. Қазақ тілі мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы шашу шашып, "Жыр арқауы туған тіл" атты өз өлеңін сыйға тартты. 5-сынып оқушылары ана тіліне арнаған өлеңдерін ортаға салды.
Кітапханашы Садыкова Асель Ерболатқызы кітап көрмесін ұйымдастырды.
"Ана тілім-ардағым" атты слайд тамашаланды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметқалиева Қарлығаш Бегайдарқызы құттықтау сөз сөйлеп, ана тілдің мерейін өсіруге күш салуға шақырды. Тіліміздің мерейі үстем болып, көркейе берсін!