Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

22.05.2018

Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

жРухани

жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа

өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен

байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы

«рухани жаңғыру дәлел»

     

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз

байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде

бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған

бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі

мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден

арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев.

Сондықтан рухани жаңғыру

үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.

Осы рухани жаңғырудың

жүзеге асырылуын біз және сіз болып,

«Бір жағадан бас, бір

жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет.

 Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған

әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет

басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың

әрекеті деп түсінеміз. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу,

олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық

берудің қажеттілігін алға қойып отыр.

Бұл дегеніміз –

ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен

әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға

келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз

беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын

қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі

үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке

азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де

өте маңызды үдеріс.

Осы бағдарлама бойынша

Кеңес орта мектебінде көптеген  тәрбие іс-шаралар

өткізіледі. Атап айтсақ,8-9 сынып

аралығында тарих пәні мұғалімі Ахметова Қымбат Төлегенқызы «Рухани жаңғыру жарқын

жолы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр сынып  слайд,сөзжұмбақ, ребус дайындап, сыныптар

арасында өзара сайысқа түсті.

      Сабақ қызықты  өтті. Математика пәні мұғалімі Канди Бахшагуль

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайыс сабағын, Тарих пәні мұғалімі Ахметова

Қымбат Төлегенқызы

«Тарихи

күндер мен ұлы адамдар» атты викторинасын өткізді.Елбасының «Болашаққа бағдар

рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген аудандық дебаттық турнирі» 3-орын

Жакенова Камилаие болды,Кайырбекова Айнаш «Үздік Ұланбасы»байқауына белсенді

қатысқан үшін марапатталды. «Салт дәстүрім қазынам»аудандық байқауында

мектебіміздің  «Жас Ұлан» балалар ұйымның

мүшелері белсенді қатысқан үшін сертификатпен марапатталды.Аудандық «Абай оқуынан»

11-сынып оқушысы Жарқынбек Бағдат гран при иегері атанды.Аудандық «Махамбет

оқуынан»9-сынып оқушысы Жанай Амина 1-орынға ие болды.11-сынып оқушысы

Жарқынбек Бағдат 8-11 сынып оқушылар арасында ақындықпен шешендік шеберлігінен

ақындар мүшәйрасы бағытында Павлодар қаласында өткен «Ақберен 5-ші

республикалық байқауының жүлдегері»атанып,Карағанды қаласындағы «Болашақ

»академиясының гранты негізінде білім алу үшін сертификатқа ие болды.Абай

оқулары ХІХ облыстық конкурсының «Жүйректен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы

бойынша 11-сынып оқушысы Жарқынбек Бағдат жүлдегер атанды. «Білім беретін

ұйымдарының үздік мұражайы»атты облыстық байқауына тарих пәні мұғалімі Ахметова

Кымбат Төлегенқызы қатысып сертификатқа ие болды.Аудандық «Ақкөл мақтанышы»

жобасынан 9-сынып оқушысы Жакенова Камила 3-орынға ие болып мадақтама қағазымен

марапатталды.Аудандық аитыс сайысына информатик пәні мұғалімі Шерьязданов

Ережеп Көкенұлы мен өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әлеш Сабырәлі қатысып,бағалы

сыйлықтарға ие болды.Бастауыш мұғалімдері Кернеева Гүлнар Тілеуқабылқызы мен

Ахметова Жұпар Жанболатқызының 

оқушылары   «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білімді бәрінен биік қой» атты

Республикалық интернет байқауына қатысып I дәрежелі дипломмен  Өмірбай Гүлзат пен Мұғаз Ризаби,  II- дәрежелі дипломмен  Болатбек Алғыс және Аманжол Мирас ,

III дәрежелі

дипломмен Қуанәлі Інжу марапатталды. Рухани жаңғыру  бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Мен өз

елімнің патриотымын» республикалық интернет байқауына

5-6 сынып

оқушылары қатысып, Батырәлі Ақбота  және

Кажина Аяулым III-дәрежелі  дипломмен

марапатталды.

       Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде

үндескен, ұлттық идеолгиясы темір қазығына айналған табысты ел болуымыз үшін

жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді

ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиіспіз.

 

Кеңес орта мектебінің тәрбие-ісінің меңгерушісі: Ахметкалиева Қ.Б.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст