Текст
Жоспар бойынша бүгін Кеңес ауылының ЖОББМ психология апталығының үшінші күні өтуде, бекітілген жоспар бойынша сәрсенбі күнін эмоциялар мен сезімдерге арналды. Күнді көңіл күй ағашымен бастадық, жалпы мектептің көңіл күйі жоғары екені анықталды. Үзіліс уақытында бастауыш сынып аралығында “Асханаға бимен” сергіту сәті өтті. Сергіту сәтін 9 сынып оқушылары жүргізді, оқушыларға өте қызық болды.
Күнді 5-6 сынып оқушыларымен өткен тренингпен тәмамдадық. Тренинг барысында эмоция мен сезім ұғымына тоқталып, тереңірек қарастырдық, тренингті “эмоциялар мен сезімдер менің көзқарасым бойынша”тақырыбында сурет салумен аяқтадық.