Ұрпақ тәрбиесі-ортақ іс.
Келер ұрпаққа тәрбие беру, патриоттық сезімді ояту,
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру істерінің бірден-бір жолы оларды еліміздің
тарихымен таныстыру екені айдан анық. Сол сезімді ояту, білімдерін толықтыру
біздің міндетіміз. Айтайын деп отырғаным осындай іс-шараның біреуі біздің Кеңес
ауылында болып өтті.
Мауысымның 23- күні ауыл мәдениет үйінің
қасында Степногорск қаласындағы Ауған соғысы ардагерлер кеңесі мен Әуе
десанттар бірлігі мүшелері, келер жылы Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл
толуына орай кіші-гірім музыкалық кеш өткізді. Ұйымдастырушы біздің мектептің
бұрынғы түлегі ауған соғысының ардагері Гамастинов Салимжан Ғалымжанұлы. Айта
кететін бір жай Ауған соғысы он жылға созылса, сол он жылда әр жыл сайын біздің
ауылдан бір баладан кетіп отырған екен.
Концерт барысында десантшылар әскери ұрыс
кезінде қолданылатын шабуыл әдістері мен жекпе-жек соғыс түрлерінің үзінділерін
көрсетіп жиналған қауымға көп әсер қалдырды.Ауған соғысында шыққан әндерді
тамаша орындауы сонша тарихты түсініп, сезіне білген көрермендер көздеріне жас
алып толқып тұрды. Бұл орындаушылар кәсіпқой артіс емес, әр-бірі, әр салада
жүмыс істейтін қарапайым мамандар иесі болып табылады. Осы істеп отырған
істеріне қарасаң Кеңес Одағы кезіндегі бірлік, ұлттар арасындағы ұйымшылдықтың
әлі де жоғала қоймағанын, бар екеніне көз жеткендей. Бұл іс-шараның жас
өспірімге тек қана патриоттық тірбие беруден басқа, ұлттар арасындағы бірлікті
сақтау еліміздің өркендеуінің бірден-бір жолы екенін айғақтай түседі.Ауған
соғысының ардагерлерінің әскери достық, бір-біріне қиын кездерде қол үшін
беруге дайын тұруы туралы әндері осының айғағы.
Екі сағатқа созылған концерттің соңында
концерт қоюшыларға жергілікті әкімшілік атынан алғыс хат ұсынылып, Ауған соғысы
ардагерлерінің арнайы дайындап әкелген марапат қағаздары мен Ауған соғысы
ардагерлерінің аналарына сыйлаған гүл шоқтарын ауыл тұрғындары қошаметпен қабыл
алды.
Осы іс-шараның өтуі жерлесіміз Гамастинов
Салимжанның туған ауылына деген сүйіспеншілігінің айғағы болса, жас ұрпаққа сол
ағаларынан үлгі алып отансүйгіш және елқорғаушы әскер болуына жетелейтініне
кәміл сенемін.
Степногорск қаласының Ауған соғысы
ардагерлер кеңесі мен Әуе десантшылар одағының мүшелеріне бізге көрсеткен
тамаша концерті үшін ауыл тұрғындары мен өз атымнан мың алғыс білдіргім келеді.
Кеңес орта
мектебінің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Шерьязданов Е.К.