Кеңес орта мектебінде
1-маусым халықаралық
балаларды қорғау күніне өткізілген
іс-шара
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру,
бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай
мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең
ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына
көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын
аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.
Жаздың
бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің
бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім
1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының
арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың
құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп
жариялады.Декларация тек ұсынымды сипатта болды және міндетті күші болған жоқ.
Басқа заңдар талап етілді, содан 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бала құқықтары
туралы Конвенцияны қабылдады, оған 61 ел қол қойған болатын.
Осыған орай,
2018 жылғы маусым айының 1-ші жұлдызында Кеңес орта мектебінде халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осы күні біздің мектебімізде 1 маусым дүниежүзілік
балаларды қорғау күніне және «Балапан» атты мектепішілік жазғы демалыс
лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама өтілді. Концерттік
бағдарламаға «Балбөбек» шағын
орталығының бүлдіршіндері де қатысты. Концерттік бағдарлама жоғары деңгейді
өтті. Концерттік бағдарламадан кейін дене шынықтыру пәні мұғалімі Жунусов
Жандос Мешітбайұлы спорттық эстафета ойындарын ойнатты. Эстафедада «Сұңқар»
тобы жеңіске жетті. Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Жұпар Жанболатқызы
балалармен асфальтта сурет салу сайысын өткізді. Сайыс қызықты өтті.Соңында
балаларға сыйлықтар таратылды.Мектепте осындай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғанына балалар риза
болды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Ахметкалиева К.Б