Текст
Бүгін Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылының соңында мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған «Балапан» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанатына орай, «Бақытты балалық шақ!» атты мерекелік концерт өткізді. Іс-шара кезінде «Күн» және «Аяз ата» кейіпкерлері көрініс көрсетіп, балаларды ертегі әлеміне саяхатқа шақырды. Саяхат барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, екі топқа бөлініп, түрлі ойындар ойнады. Кейін алаңға шығып, «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында түрлі түсті борлармен асфальтқа суреттер салды. Қорытындылау мақсатында тәрбиешілер ізгі тілектерін білдіріп, ауыл әкімі М.М. Жетписовтың арнайы балаларға әкелген тәттілерін таратты.