Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Аскенова Күлпаш Хамитқызы

30.09.2025

Нутбаева (Аскенова)  Күлпаш Хамитқызы
        Аскенова Күлпаш Хамитқызы 1952 жылы 1 қаңтарда Ақмола облысы,Ақкөл ауданы, Қосқарағай ауылында  дүниеге келген.
       Қосқарағай ауылының бастауыш сыныбын бітіргеннен кейін 1964.65 оқу жылдарында Кеңес орта мектебіне 5-ші класқа оқуға келеді. Осы мектептің 10-шы класын 1969-70 жылдары аяқтайды. Ол кезде интернат болатын.Сол интернетта жатып оқиды. Алғашқы сынып жетекшісі  Күләш Мұқанқызы болады.Ол кісі 10-шы сыныпты бітіргенше жетекшілік жасайды. «Балалық шағымнан \өз  анамдай болып кетті»-дейді ұстаз есіне алып.Үйреткен білімі мен тәрбиесі өзін қуған ұстаздық жолға жетеледі. Целиноград педогогикалық училищесіне оқуға түседі.Ұстаздық жолын дипломмен ауылға деген жолдамамен ауылы  Қосқарағайдан бастайды.Кейіннен өзі бітірген мектепте жалғастырады. 1973 жылы оқу бітіргеннен бері бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келді.Ең алғашқы болып қазақ сыныптарын ашты.Ол 1989 жылдар болатын. «Сол уақытта оқушыларға үй тапсырмасын қара қағаз арқылы көбейтіп, жазып беретін.Көрнекі құралдарды тущпен,плакат, қаламмен жасаған.Сол  алғашқы оқушылары 5 сыныпқа келгенде, аудан көлемінде қазақ сыныптары ашыла бастайды.Сол мектептерге «тірек мектебі» деп осы  мектеп бекітіліп,семинарлар, дөңгелек үстелдер,ашық сабақтар өткізу жүктеліп,соған жетекшілік етеді.
Сол еңбегі бағаланып,Қазақстан Республикасының «Білім үздігі» төсбелгісімен марапатталады.Бірнеше мәрте аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталады.
    2007 жыл Ақмола облысының Білім Департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталады.Аудандық алғыс хаттармен және Республикалық «Ұлағатты ұстаз»байқауының «Үздік ұстаз» бағытында 1 орын иеленіп дипломмен марапатталады.Бірнеше уақыт әдістеме бірлестігінің жетекшілігін, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарып келді.Баланың жан дүниесі –өзінше бір әлем, ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші мұғалім.Оқытушы-бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, өмір жолының жәрдемшісі деп біледі.
     Өзін  оқытқан ұстаздарымен қызықты ұстаздық жолын осы Кеңес мектебінен  бастағанын айтты. Ол кісілер: Молдағали Есжанович, Күләш Мукановна,Нүрке Аужановна,Тлеуғабыл Мукаевич,Қажымұқан Жұмажанович,Мокроусова Лидия Григоревна,Таися Бляловна,Рудольф Нина Михайловна,Бәтжан Абулкаировна,Раиса Ивановна, Теміртас Рамазанович,Райхан Жүсіпбековна деген ұстаздар  болатын.Ол кісілердің алдында  жұмыс істеу өте қиын болды.Өйткені өзін оқушы ретінде  сезінгенін айтты. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген осы шығар.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст