Текст
23.01.2026
Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебімізде 23 желтоқсан «SMART SPORTS» робототехника олимпиадасында мектебіміздің 5-сынып оқушылары Садыков Ролан мен Такисов Бекжан жоғары білімдері мен тапқырлықтарын дәлелдеп, бірінші орын иеленді. Бұл жеңіс - олардың тынымсыз еңбегі мен ғылымға деген қызығушылығының нәтижесі. Жас робототехниктер халықаралық деңгейде Қытай мемлекетіне жолдама ұтып алып, еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік алды. Оқушылардың жетістігіне бағыт-бағдар берген жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Махбоз Берденбекке ерекше алғыс білдіреміз. Мұндай жетістіктер жас ұрпақтың болашаққа сенімді қадамы.