Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

"Әліппемен қоштасу"

23.01.2026

Әліппе — білім әлеміне ашылған алғашқы қақпа. Осы қақпадан енді ғана аттаған кішкентай бүлдіршіндер бүгін әріптермен алғаш танысқан күндерін ризашылықпен еске алды. Бірнеше ай бұрын қолына қаламды именіп ұстаған оқушылар бүгін анық оқып, өлең айтып, ән шырқап, өздерінің қаншалықты өскенін көрсетті.

Салтанатты шарада оқушылар әріптерге арнаған тақпақтарын оқып, көріністер қойды. «А» мен «Б»-ден басталған білім жолы оларды кітап оқуға, ой бөлісуге, армандауға жетеледі. Ұстаздарының сабырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауы арқасында балалар алғашқы үлкен белесті бағындырды.

Әліппемен қоштасу — тек бір кітаппен қоштасу емес, бұл — жаңа білімге қадам басу. Енді оларды Ана тілі, Математика секілді жаңа оқулықтар, жаңа жетістіктер күтіп тұр.

Бүгінгі қуаныш — ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы. Жас оқушыларымызға сәттілік тілейміз, білім жолы әрдайым ашық болсын! 

Жетекшісі: Кернеева Г.Т

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст