Текст
23.01.2026
Мектебімізде жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға ұйымның мақсат-міндеттері таныстырылып, ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Жаңа мүшелерге көк түсті галстук, төсбелгілері тағылып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған әсем әндер мен өлеңдер орындалды.
Бұл жиын жас буынның мектеп өміріне белсенді араласуына, шығармашылық пен қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыруға үлкен серпін берді.