Бүгін 9–11 сынып оқушылары Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің артықшылықтарымен таныстырылды. Іс-шара барысында оқушыларға колледж туралы, ондағы оқу үдерісі, заманауи зертханалар, түрлі мамандықтар және студенттерге берілетін мүмкіндіктер жайында баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар оқушыларға колледж туралы толық мәлімет беретін ақпараттық брошюра ұсынылды. Брошюрада оқу бағыттары, оқуға қабылдау шарттары, оқу орнының материалдық-техникалық базасы және түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілген.
Көрсетілген бейнематериалдар мен таратылған брошюра арқылы оқушылар колледждің артықшылықтары туралы толығырақ мәлімет алып, болашақ мамандықтарын таңдауға пайдалы ақпаратқа ие болды.


