Текст


Мектебімізде 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Шара барысында оқушылар ән айтып, өлең оқып, тәрбиелік мәні бар көріністер қойып, аналар мен ұстаздарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Кештің құрметті қонағы болған ауыл әкімі Жетписов Мадияр Мұратұлы сахнаға көтеріліп, барлық аналарды, ұстаздар мен қыз-келіншектерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Ауылымыздың мәдениет үйінің басшысы Шериязданов Ережеп Кокенович барша аналарға арнап жылы тілегімен әсем әнін айтты.
Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, аналарға деген құрмет пен алғысқа толы әсерлі сәттерге ұласты.