Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Тілдерді қолдану мен дамыту

20.09.2018

Кеңес

орта мектебіндегі Тілдерді

қолдану мен дамытудың

2018-2019

жылғаарналғаніс-шараларының өтуі туралы ақпарат

 Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне  5-і мен 18-ші қыркүйек  күндері аралығында мектепішілік шаралар

жоспар бойынша өткізілуде.

          «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі»

тақырыбында өткізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырылып, онкүндіктің

жүйелі түрде өткізілуін және осы айлыққа барлық мұғалімдердің қатысуы жайлы

айтылды.

         Қыркүйектің 5күні  күні «Ана тілім-мақтанышым» деген тақырыпта

кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ана тіліміздің аясын кеңейтейік» атты баяндама

тыңдалды. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»  атты қабырға газетін 7-10 сыныптың оқушылары

шығарды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі оның өмірдегі орны тіл құдіреті жайлы

ақпараттар айтылды.

«Тіл-ұлттыққазына»

атты сынып жетекшілерінің тәрбие сағаттарыөтті. Онда қазақ халқынын салт-дәстүрлері

өнердің, қол өнердің әралуан түрлерінен көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өнердің өмірде

алатын орнын  жете ұғынды.Қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы «Алаш зиялылары және қазақ

тілі» атты ашық тәрбие сағаты 9-10 сынып оқушыларының арасында ашық сайыс сабақ

өткізді.Оқушылар белсене қатысып,ана тіліне деген құрметін айқын көрсете білді.

«Алаштың Әлиханы» атты көрініс қойылды.

Тілдерді дамыту

бөлімі өткізген «Алаш лидері –Әлихан Бөкейханов» атты аудандық іс-шараға

10-сынып оқушылары қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.Сонымен қатар Азат

ауылында өткен «Мен таныған әлем және қазақ тілі"атты Мағжан Жұмабаевтың

шығармаларын талдау конференциясына барып,қатысып, жүлделі 3-орынға ие болып

келді.Әр номинация бойынша 3-орынды иеленген оқушылар қуанышында шек болмады.

«Шешендік

өнер-атадан қалған асыл мұра» атты шығармалар байқауы  5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылып, бірінші

орынды  9 

сынып оқушысы Қайырбекова Айнаш, екінші орынды 10 сынып оқушысы Жакенова

Камила, үшінші орынды 5 сынып оқушысы Бұланбаева Ақниет иеленді.Оқушылар ана

тілінің байлығын, көркемдігін, сұлулығын бейнелей  білуімен бірге, оны құрметтей білуге, ана

тілінің тазалығына назар аудару қажеттігін айтады. Тіліміздің мәртебесінің

көтерілуі тек қағаз жүзінде қалып жатқанына қынжылыс білдірсе, «тіл мәселесі»

деген жүрекжарды өлеңдерін де арнауды жөн көрген. Оқушыларымыздың тіл мәселесіне

бей-жай қарамауы көңілімізге қуаныш ұялатады.

«Үш тіл білу-заман

талабы» дегендей орыс тілінен «Если дружат люди-дружат языки»атты сабақтан тыс

сайс  сабақ өткізілді.Пән мұғалімі

Жаналина Гүлбаршын Сайлауқызы сабақты түрлі қызықты тапсырмалар арқылы

оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өте жақсы өткізді.

Аскенова Г.Е

«Имандылық тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өткізді.Тарих пәнінің мұғалімі

Ахметова Қ.Т «Имандылық-отбасынан басталады» атты баяндама оқыды.Сабаққа

Қажылыққа барып келген апамыз Күлзия Кемелқызы шақырылып,қажылық сапары жайлы

ой бөлісті.Оқушылар сұрақ қоя отырып,имандылық тәрбиесі туралы пікір

алмасып,өздерінің  білген білімдерін аянбай

ортаға салды.Сурет көрмесі  ертегілерді

бейнелеу ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылықпен қатыса білді. «Қазақ

тілі-жүрек үні» атты сынып сағатын Г.Е.Аскенова 7-8 сыныптармен өткізді. Тіл

адамның жан дүниесін танытуда, соның кілтін ашуда таптырмас құрал. Жүректің

терең сезімді сырларын жан-жақты ашып көрсетеді.

 «Өнер алды-қызыл тіл » атты бастауыш сынып

мұғалімдері  Ахметова Жұпар Жанболатқызы  мен Айткенова Алмагүл Мәдениетқызы  оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысын , тартымды

өткізді.                               Қазақ

тілі ол талай тарих сынынан өтіп,атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Дүние

жүзіндегі ең бай, белгілі, таза, өткір, терең, күшті тіл ретінде тек қана

еліміз ғана емес шет елдері де мойындап отыр. «Тілге құрмет-елге құрмет» атты

қорытынды концерт өткізілді.Бағдарлама бойынша мәнерлеп оқу,көріністер қойылып,

тамаша әндер мен билердің куәсі болдық.Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметқалиева

Қарлығаш Бегайдарқызына сөз берілді. Қатысушыларды  мерекемен құттықтап және тіл мәртебесін

көтеруге, барлығымызды бірауыздан 

атсалысуға шақырды. Кеудесінде қазақ деген рухы бар әрбір азаматтың

қазақ тілінің көркеюіне үлес қосатындығын қазақ тілі мұғалімдері тағы бір

дәлеледеп өтеді деген сенімдеміз.Оқушылардың білім мен өнерді бойларына

сіңіріп,жарыстарда жақсы жетістіктерге жетуі біздің мақтанышымыз десек артық

емес.Қазақстанның ертеңі – мемлекет құраушы қазақ ұлтының ертеңі екендігін,

ендеше қазақ тілінің қазақ жерінде қажеттілігін арттыру керек екені жайлы аса

маңызды пікірлер айтылды.

Гуманитарлық

бірлестіктің жетекшісі:Гүлжанар Есламбекқызы Әскенова.

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст