Денсаулық зор байлық
Кеңес
орта мектебінде 25 қыркүйек күні 5-7 сынып аралығында
«Денсаулық
зор байлық» тәрбие сабағы өтті. Тәрбие сағатында оқушылар
Денсаулық
туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Салауатты
өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта
жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге,
ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына,
құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол
жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу;
никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының
созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс
көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның,
судың бұзылуы; дәрі-дәрмекті және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану.
Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы. Салауатты
өмір тіршілігінің негізгі бағықозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ
қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір
сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның
қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл –
қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне,
әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Салауатты өмір салтына
байланысты өте көп жұмыстар атқарылды.
Сабақ барысында оқушылар көптеген шығармашылық жұмыстар
атқарды. Оқушылар топтық жұмыстарда белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.