«Ұстаз –ұлы тұлға»
Қазанның 2-сі күні
1-3 сынып аралығында бастауыш пәні мұғалімі
Кернеева Гүлнар Тлеуқабылқызы «Ұстаз –ұлы тұлға» атты
ашық сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында әр сынып сөзжұмбақ, ребус шешіп, сыныптар арасында
өзара сайысқа түсті. Сабақ қызықты өтті.
Кернеева Гүлнар Тлеукабылқызы жасаған
жұмыстарына баға берер болсам
« жақсы» деп бағалар едім. Себебі, әр сабақта
оқушылардың«Апай, бүгінгі сабақ күшті болды, ертең де осындай сабақ өтейікші»
деп ұсыныс жасаулары, олардың күнделікті сабақта жазған кері
байланыстарынан көп нәрсені алып, үйренгендері
көрініп тұр. Оқушылардың бойына осындай сенімді көргеннен кейін жұмыс жасамау
мүмкін емес еді. Оларға күнделікті мұғалім не бере аламын деп, ізденіс үстінде
болады. Сол арқылы олардың өздеріне де түрлі тапсырмалар береді.Жұптық
жұмыстағы диологтік сұрақтар мен тапсырмаларды сабақ барысында іске асыру үлкен
шеберлік пен тапқырлақты талап етеді. Сол себепті сабақты түрлендіріп өткізуге мән береді. Әр
сабақ сайын оқушылардың асыға күтетін сәттері ол топқа бөліну. «Ырыс алды
– ынтымақ» - деген мақсатты басшылыққа ала отырып сынып оқушыларын топтастырады. Жұпқа
бөлудің өзі
оқушы назарын аудару, қызықтыру үшін тақырыпқа сай бөлуге тырысады. Мысалы: сөз
таптарының, шақтардың түрлерімен немесе әдебиеттегі әңгіме желісі бойынша т.б
бөлемін және тақырыпты толық ашу үшін мүмкүндік береді. Жұпқа бөлінгенде
оқушылар арасында тепе-теңдік орнап, тапсырманы бірлесе отырып орындап
білімдерімен бөліседі. Мұның өзі үлгерімі төмен оқушы үшін де маңызы зор.
Өйткені берілген тапсырманы орындау кезінде әрбір оқушы өз үлесін қосады.
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын
пейілмен алғыс айтамыз.
Тәрбие-ісінің
меңгерушісі: К.Б.Ахметкалиева