Кеңес орта мектебінде Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауы туралы мәлімет
Алтыншы қазан күні
Кеңес орта мектебінде мектеп ұжымының арасында мектеп кітапханашысы Зинаида
Михайловна Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
Республика халқына арналған жолдауынан баяндама оқыды. Баяндама «Қазақстандықтардың
әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасының арттыру» атты тақырыпта сөз
қозғады. Оның ішінде өзекті мәселелердің бірі ретінде білім жүйесіне арналған
жолдауларды мұғалімдер мен оқушыларға жеткізді. Келесі жылы «Педагог мәртебесі
туралы» заңның қабылдануы жайында өзекті мәселелерді атап өтті. Елбасымыздың
жолдауындағы әр кезеңді жекелеп, алдымызға қойған мақсаттарымызды айқындап,
алдымызға нақты мақсат қойды. Баяндама соңында: «Осы жолда халық сенімі
рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан
артық мұрат жоқ!» - деген Елбасымыздың сөзімен аяқтады