Кеңес орта
мектебінде қарттар күніне арналған
«Қарттарым-асыл
қазынам»тақырыбы бойынша
өткізілген іс-шара есебі
1990
жылдан бастап қарттар күні мейрамын жыл сайын 1-қазанда атап өтеді. Қарттар
күнін атап өту - егде тартқан адамдарға көңіл бөліп, өмір ағысына қарай
қоғамдық мәдени-шараларға қатысуына ықпал етіп көңілдерін көтеру.
Кеңес
ауылының мәдениет үйінде 12-қазан күні қарттар күніне арналған мерекелік
жиын ұйымдастырылды, оған ауыл қарттары қатысты.
Кеңес орта мектебінің директоры Жүністегі
Мешітбай Жорабекұлы құттықтау сөзбен қарттарды құттықтады.
Қарттар адамдарға арнап
мерекелік шаралар ұйымдастырылып, әндер айтылды.Концерттік программаға Кеңес
орта мектебінің оқушылары қатысты.Мерекелік концерттің аяғы ақ дастарханға
жайылған тәтті шайға ұласты.Дастархан үстінде көрсетіліп жатқан құрметке
қарттар алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты.
Тәрбие-ісінің меңгерушісі: К.Б.Ахметкалиева