«Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған»
Күз
– молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша
жиналып, құс базары тарқайтын кез. Осынау керемет мезгілді бүлдіршіндер де
асыға күтеді. Табиғаттың тамаша кейіпке енетінін, бақша дақылдарының толықтай
пісетінін ұнататын балақайлардың жақсы көретін мезгіліне орай Кеңес орта
мектебінің жанындағы «Балбөбек»шағын орталығында «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке
сыйлаған»тақырыбында
ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты – балаларға күз мезгілі туралы кең түсінік беру,
мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жыл мезгілдерінің
ерекшелігін үйрету мен табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.Қызыққа толы
болған ертеңгілікті «Балапан»
тобы бастады. Өздерінің өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер балабақшада үйренген
білімдерін ата-аналарына көрсетті.
-Шағын
орталықтың ұжым
қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында күз мейрамы жақсы
ұйымдастырылып, нағыз балалар мерекесіне айналды. Өйткені, күздің берекесі мен
молшылығын көрсететін көкөніс, жеміс-жидектерден түрлі зат жасалып, күзгі
жапырақтармен әсем безендірілген зал балаларды өзіне еріксіз тарта берді.
Балғындар қуанышын асқақтатар ұжымдық ойындар ойналып, кештің көркіне айналған
Күз ханшайымының балаларға шаттық сыйлауының өзі керемет тосынсый болды.
Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар өздерінің балаларының «Алтын күз» әнін орындағанын көріп, «Қуыршақ» биін билегенін тамашалады. Сондай-ақ,
бүлдіршіндер «Қырманға кел», «Көкөністер мен жемістер» билерін нақышына келтіре орындады.
-
Ертеңгілік соңында мектеп оқу-ісінің меңгерушісі Канди Бақшагүл мерекеге арнап құтықтау сөз сөйлеп,
ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне ризашылығын білдірді. Өз кезегінде
ата-аналар атынан Толеш әжей
бүлдіршіндерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп жатқан ұжым қызметкерлеріне
алғысын жеткізді.
Шағын орталығының
әдіскері: Ахметкалиева К.Б