24 қазан күні Кеңес орта
мектебінде «Шағын жинақты мектепте жаңа бағдарламасы бойынша 7 модуль идеясын
тарату»тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинарға аудандың 10 мектебі қатысты.Семинар барысында 2
ашық сабақ, 1коучинг сабағы көрсетілді.Орыс әдебиет пәні бойынша 5-сыныпта Жаналина Гүлбаршин
Сайлауовна «Что за прелесть эти сказки» ашық сабақ өткізді. Сабақ 5 кезеңнен тұрды. Кезеңдер бір –
бірімен байланыста өтті. Мұғалім оқушыларға жекелеген тапсырмалар бере отырып,
қызығушылықтарын арттыруға көңілд бөлді. Оқушылармен қарым-қатынасы,жұмыс
істеуге қолайлы жағдай туғызуы талапқа сай. Барлық оқушылардың жұмыс істеуіне
қызығушылығын арттырды.Әдебиет оқу пәнінен 4-сыныпта «Астанаға ақ бата.Бата
сөз.»тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімі ашық сабақ көрсетті.Бастауыш
сынып мұғалімі Кернеева Гүлнар Тлеуқабылқызы мен қазақ тілі пән мұғалімі
Аскенова Гүлжанар Есланбекқызы «Заманауи оқытудың негізгі 7модулі»тақырыбы
бойынша коучинг сабағын өткізді. Коучинг жүргізу барысында әріптестер бірлесе отырып оқыту
мен оқуды зерттеулер туралы пікір алмасып,болашақта бағалау нәтижелерін негізге
ала отырып оқыту мен оқу қызметін жетілдіру үшін олардың тиімді деңгейі бағалау
керектігі,мектептегі барлық оқушыларды оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы
іс-әрекеттерді зерттеу
жүргізуді сөз етті.Семинар сонында келген қонақтар өз пікірлерін ортаға
салып,мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.Семинар өз мақсатына жетті.
Тәрбие-ісінің меңгерушісі:К.Б.Ахметкалиева