5 қараша күні Кеңес орта мектебінде бастауыш сыныптың тренері
Ахметова Жупар Жанболатқызы мұғалімдерге «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы
мотивация мен ынталандырудың қызметі»тақырыбы бойынша коучинг сабағын өткізді.
Коучинг сабақ нәтижесінде мұғалім-әріптестер
өздері үшін маңызды ақпарат, шығармашылық серпін алып, кәсіби біліктілігін
арттырды. Яғни, мұғалім өзінің оқыту
және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруін, оны әріптестерімен
талқылауы, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керегін
меңгерді.Мұғалім бұл оқытудың дәлелдемесі ретінде фотосуреттер, слайдтар және
шығармашылық ұжымның көрнекілік құралдарын ұсынды
Алдағы уақытта оқытуда мұғалімдердің
шығармашылық деңгейінің одан әрі кеңейуін, әріптестерді кәсіби дамыту үшін мықты
жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін түсінуді мақсат етіп алды. Сабақты қорытындылау рефлексияны «екі жұлдыз, бір
тілек» деп алып, әріптестер коучинг сабақ туралы өз ойларын, тілектерін
білдірді. Онда ұстаздар қауымы сабақтың көңілді, тартымды, қызықты өткенін,
сабаққа қатысқандарына қуанышты екенін жазып, рахмет айтып, сәттілік
тілегендерін арнайы таратылған қағаздарға жазды.
Тәрбие-ісінің меңгерушісі: Ахметкалиева К.Б