Кеңес орта мектебінде «Жалпыадамзаттық Құндылықтар
Күні»-не өткізілген іс-шаралар есебі
Қарашаның
23-і күні «Жалпыадамзаттық Құндылық Күніне» байланысты іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспар бойынша бастауыш
сыныптар аралығында «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның
негізі,дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбы бойынша тәрбие сағаттары
өтілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға «Жүректер жүректе» шаттық шеңбері арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Сабақ барысында оқушылар мен қонақтарға «Жақсы іс-жарым
ырыс» бейнебаян көрсетілді. Сабақ
соңында әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттерін атап
«Сүйіспеншілік гүлін» құрды.
Мектеп кітапханашысы Куклина Зинайда Михайловна
«Сүйіспеншілік-әрбір жүректе!» атты рухани адамгершілік тәрбиеге арналған
кітаптармен таныстыра отырып, ойын арқылы оқушыларды мейірімділікке тәрбиеледі.
Іс-шара барысында видеоролик және бейне таспа көрсетілді. Іс-шараға оқушылар
белсене қатысты.