«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы»
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт
— сананың мызғымас тірегі,күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
«Еліңнің
ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз
мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің
де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).
Талай – талай қас батырлар жанын қиып,
қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген
өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері
болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік
жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.
Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы
үшін ауыр тиіп, қайғыға
толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын
қалаймын.
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген
атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 27 жыл да өте
шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие болды.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі уақыт
ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен
қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы
Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба
мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен
сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі
бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің
буынның бағыты болуы тиіс.
Бүгін Кеңес орта мектебінде 8-9
сыныптар аралығында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел
өтті.Желтоқсан оқиғасы жайлы көп мәліметтер берілді.Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты желтоқсан құрбандары,ағаларымыз бен
апаларымыздың өмірбаяны мен жасаған ерліктері жайлы айтылды. Презентацияда тәуелсіздікке жетудің жолы туралы көрсетілді. Ал, бейне роликтің көмегімен тарихымызды еске түсірдік.Көрермен
болып отырған 5-7 сынып оқушылары өз ойы мен пікірлерін ашық жеткізді. Сынып
сағатын өткізген тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Қымбат
Төлегенқызына айтар алғысымыз шексіз.
Сонымен
қатар «Балбөбек»шағын орталығында «Тәуелсіздік-ел тілегі»атты тәрбие сағатын
Жунусова Самал ашық сабақ өткізді .Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар «Сәлем ,Қазақстан!» және «Жаса ,Қазақстан» өлеңін тамаша
орындады.Себебі, балалардың қызығушылығын оятып,тарихымызбен ата-бабаларымызды
ұмытпауға жол береді. Сабақтан тиер пайдасы көп деп ойлаймын. Мақтаныш пен
патриоттық сезімдеріміз оянды. Сабақ соңында ата-аналары Төлеш апа мен Күлпаш апа даярлық тобына,ұстаздар мен
бүлдіршіндерге деген ақ тілектерін білдірді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың
еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын дегім келеді.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын көгімізде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі- Әнұраны!
Кеңес орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі: Есламбекқызы
Гүлжанар Әскенова.