Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Тәуелсіздік күні

15.12.2018

Кеңес орта мектебінде «Тәуелсіздік күні» мерекесі 

аясындағы өткізілген іс-шаралар есебі

 

 

          Желтоқсанның  12-і күні «Тәуелсіз елімнің-ерлік жолы» атты

дөңгелек үстел Ахметова Кымбат Төлегенқызы өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға

«Тәуелсіздігіміздің қандай жолмен келгені» туралы видео ролик және сұрақтар

арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдалды. Оқушылар белсенді қатысты. Желтоқсанның  11-і күні «Менің туған өлкем» атты бастауыш

сыныптарда сурет көрмесі өтті. Сурет көрмесіне барлық оқушылар белсенді

қатысып, 1-орынға

3- сынып оқушысы Толқын Айбұлан, 2-орынға 2-сынып оқушысы

Өмірбай Бернар,

3-орынға 3-сынып оқушылары Аманжолова Дария, Жігер

Бекболат ие болды.

  Желтоқсанның 13-і күні 6-сыныпта «Желтоқсан

желі» атты ашық тәрбие сағатын Шермаханбек Төлеби өткізді. Тәрбие сабақ

барысында  оқушыларға  Желтоқсан оқиғасы жайлы көп мәліметтер

берілді.Сәбира  Мұхаметжанова,

 Қайрат

Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты желтоқсан

құрбандары,ағаларымыз бен апаларымыздың өмірбаяны мен жасаған ерліктері жайлы

айтылды Ал, бейне роликтің  көмегімен

тарихымызды еске түсірдік.

Көрермен болып отырған 5-7 сынып оқушылары өз ойы мен

пікірлерін ашық жеткізді.Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.  Желтоқсанның 12-і күні «Балбөбек» шағын

орталығында «Тәуелсіз –ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Ашық тәрбие сағатында даярлық сынып оқушылары Қазақстан

Республикасының тәуелсіздігі  туралы  тақпақтар, әндер орындады. Желтоқсанның 13-і

күні «Тәуелсіздікке-27 жыл» мерекесіне орай 2-сыныптың оқушыларын «Жас қыран»,

5-сынып оқушылары «Жас ұлан» тобына қабылданды.  Желтоқсанның 14-і күні «Отанымыздың

жүрегі-Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік-іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара барысында оқушылар «Тәуелсіздікке -27

жыл» бастауыш сынып оқушылары атты әдеби –монтажын өткізді. Оқушылар

тәуелсіздік туралы көптеген тақпақтар мен лебіздерін білдірді. 9-сынып

оқушылары «Жаса, Қазақстан!» атты өлеңді нақышына келтіріп айтты.5-сынып

оқушылары «Желтоқсан желі» атты көрініс көрсетіп, көрермендердің ризашылығына

бөленді. Мерекелік іс-шара «Желтоқсан ерлері» әнін хормен аяқтады.

 

Тәрбие ісінің

меңгерушісі:     Ахметкалиева Қ.Б.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст