Кеңес орта мектебінің
«Қош келдің, Жаңа жыл-2019»
атты мерекелік іс-шаралар
есебі
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер
мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті
мерекеміз. Осы мерекеге орай ағымдағы жылдың желтоқсан айының жиырма
сегізі жұлдызында Кеңес орта мектебінде «Қош келдің,Жаңа жыл» атты ертеңгілігі
өтті. Ертеңгілікте ертегі кейіпкерлері мен Аяз ата көңілді ойындар өткізді. Мерекелік
кешіміз бастауыш сыныптарының ару қыздарының жаңа жылдық көңілді биімен
басталды. Кештің жүргізушісі бастауыш сынып мұғалімі Айткенова Алмагүл
Мадениятқызы мерекеміз хан сарайында өткізіліп жатқан кеш ретінде
ұйымдастырылды.Өзінің құттықтау сөзімен мектеп директоры Жүністегі Мешітбай Жорабекович
кешіміздің шымылдығын ашып берді. Бағдарламамыз бізді құттықтап әр елдің өкілі
ретінде келген қонақтарымыздың ән-шашуымен, мың бұралған бишілердің биімен
жалғасты. Ал сағат 16 да 5-11 сынып аралығында «Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа
бағыт» атты шығармашылық кеш өтті. Кеш қонақтары ауыл тұрғындары мен ата-аналар. Оқушылар әр
ертегінің кейіпкерлеріретінде атап
айтсақ, 5-сынып оқушылары «Қарақшылар» ертегісінің кейіпкері болса, ал 9-сынып
оқушылары «Жаңа жыл» тобы ертегілер биін
билеп, Гари Поттер ертегісінің кейіпкерлері
ретінде келген қонақтарымыз керемет даусымен ән шырқап, заманауи ертегі
биін билеп барша жиналған қауымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап ән шырқаған Жанатбек
Мөлдір көрермен қауымның көңілінен шыға білді. Жаңа жылдық кешіміздің сәнін
кіргізген кейіпкерлеріміз: Аяз Ата(Аятхан Жәнібек) мен Қарша қыз(Жаналина
Нұргүл). Қонақтармыздың көңілін көтеретін қызықты ойындар ойнатылды, ойынға оқушылар
мен қатар ата-аналар ұйымының мүшелері қатысты. Барша өнерпаздарымыз бен ойынға
қатысушыларға Аяз ата сыйлықтарын үлестірді. Кешіміз қызықты да көңілді өтті.
Жаңа жыл! Кіріп келген жылан жылы тіршіліктің барлық
иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сол махаббат пен, қуаныш
пен үміт әрбір жанның жүрегінің төрінде болсын. Мерекелік кештің қуанышқа толы
көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа
жыл жарылқасын!
Тәрбие-ісінің меңгерушісі: \Ахметкалиева Қ.Б.\