Мен елімді сүйемін
Ауған соғысы-жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Биылғы жылы Кеңес әскерлерініңАуған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр.Ауған соғысының қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен , жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр.Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып тұрып, көздері жасқа,жүректері мұңға толған шақтары әрине өте көп.Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды.Майдан даласында жанқиярлық пен қахармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медальдармен марапатталды.
Ақпанның 15 жұлдызында Кеңес орта мектебінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Осы соғысқа біздің Кеңес мектебінің түлектерінен 10 жылда 10 адам қатысып, аман-есен елге оралған болатын. Олар: Чеканов Сергей Иванович,Патока Александр Сергеевич,Гамастинов Салимжан Ғалымжанович,Оспанов Қаржас Хамарович,Жартаев Мырзабай Шалабаевич,Дюсенбаев Бауыржан Бекешович,Такенов Мұхтар Серикович,Кабжанов Серикбай Нурахметович,Оспанов Нұрболат Ботанович,Шаяхметов Бауыржан Лукманович.Осы кісілердің ішінен кездесуге келгені Гамастинов Салимжан Ғалымжанұлы,Такенов Мұхтар Серік ұлы,Оспанов Қаржас Хамарұлы,Патока Александр Сергеевич. Кездесу барысында 2-10 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен «Мен елімді сүйемін» атты патриоттық байқауына әділ-қазы болып өз бағаларын берді.Байқау көрермен көңілінен шықты.Қорытындысы бойынша 1 орын 4-сыныптың «Сарбаздар» әні мен көркем биәне берілді.Ал 2-орын 7-сыныптың «Қара бауыр қасқалдақ»әні мен қазақша биі жеңіп алды.3-орынға ең кішкентай 2-сынып оқушыларының «Көк тудың желбірегені» мен «Мен қазақ» әні ие болды.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты өнегесі еңбегі.
Туын ұстап Отанымның жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей келе 30 жылдық мерейтойға арналған мерекелік кеш өз мәресіне жетті.Ардагер ағалар ақ тілектері мен ризашылықтарын білдірді.Байқаудың арасында ұлағатты ұстаздардың Шерьязданов Ережеп Көкенұлы мен Аскенова Гүлжанар Есламбекқызының орындаған әндері керемет әсер қалдырды.Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.Ойымды қорыта келе еліміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын дегім келеді.
Кеңес орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы.