«Қазақстанның киелі жерлері» Қазақстан дейтін Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Кие тұнған Қазақстан – рухани дәстүрдің бастауы. Олар – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі», – деді Мемлекет басшысы. 26-ақпан күні Кеңес орта мектебінде «Қазақстанның киелі жерлері»атты тәрбие сағаты өтті.Сабақ барысында оқушылар қазақстанның киелі жерлері туралы ақпараттарды слайд, реферат, баяндама арқылы берді. Сабақ қызықты өтті.