Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты» деп санаған халқымыз тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойындарды тәрбие мәселесінен бөліп қарауға болмайды .Екеуі бірлестікте қарастырылады.
Ұлттық ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол - балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алқашқы машығы.
19 наурыз күні Кеңес орта мектебінде дене шынықтыру пән мұғалімі Жунусов Жандос Мешітбайұлы және «Балбөбек»шағын орталығының тәрбиешісі Садыкова Әсел Ерболатқызы «Ұлттық ойындар»сайысын өткізді.Сайыс барысында «Тоғызқұмалақ», «Асық алу», «Асық ату», «Арқан тарту», «Ханталапай» ойындар ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар сайысы қызықты және қызушылықпен өтті.Белсенді қатысқан оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды.
Тәрбие-ісінің меңгерушісі: Ахметкалиева К.Б