Текст
Наурыз-сан ғасырлық тарихы бар,шығыс халқының жаңа жыл мерекесі.Ол табиғат атаулының тіріліп,жылулықтың және береке-бірліктің келуін білдіреді.Мың жылдық тарихы бар Азия халықтарының басты көктемгі мерекесі наурыздың 22 күні атап өтіледі және көктемгі күн мен түннің теңелуімен қатар келіп,көктемнің келгендігін айшықтайды.Бұл уақыт табиғат пен адам бірлігінің мәңгілік мейрамын,олардың ажырамас табиғи байланысын білдіреді.
21 наурыз күні Кеңес ауылында «Армысың,Наурыз!»атты мерекелік іс-шаралар өтті.Ауыл мәдениет үйінде мектеп оқушылары ауылтұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырды.Мерекелік дастархан жайылып,ұлттық ойындар өткізілді.Мерекелік іс- шаралар жоғары деңгейде өтті.
Тәрбие-ісінің меңгерушісі: Ахметкалиева К.Б