Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

30.04.2019

Кеңес орта мектебінде 
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында

өткізілген іс-шаралар 
 

Мақсаты: Өскелең ұрпақты патриотизм рухында, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге және қоғамда бірлік пен келісімді сақтауға тәрбиелеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Осыған орай мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс – шараның жоспары құрылып, бекітілді.
Барлық сыныптарда «Қазақстан біздің ортақ үйіміз»тақырыбы бойынша сынып сағаттар өтті, «Ұлт бірлігі-ұлы байлық»тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
30 сәуір күні ««Бір шаңырақ астында»» тақырыбында фестиваль өткізілді. Мектеп директоры Жүністегі Мешітбай Жорабекұлына құттықтау сөзі беріліп, оқушыларды, ұстаздарды, барша Қазақстан халқын бірлігі күнімен құттықтап, тілектер айтты. Фестивальға  1 – 10 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр сынып өзге ұлт өкілдерінің ұлттық өнері мен ұлттық тағамдарын таныстырып, сол ұлттың ұлттық биін билеп, көрініс көрсетті. Фестиваль соңында мектеп директоры І, ІІ, ІІІ орын иеленген сыныптарды мақтау қағазымен марапаттады.

 

                 Тәрбие-ісінің меңгерушісі:               Ахметкалиева К.Б

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст