Аудандық Оралхан оқуы Жазушы Оралхан Бөкей әсем Алтайдың жыршысы. Әбіш Кекілбаев атамыз: «Оралхан азғантай ғұмырында асқарлы биікке өзін де, елін де туған әдебиетін де көтере білді» деген болатын. Талантты қаламгердің шығармаларын насихаттау мақсатында бүгін Кеңес орта мектебінде «Оралхан Бөккей» оқуы өті. Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышқанқызы Еркін Дәуешұлының «Азаматтарымен Ажарлы Ақкөлім» атты кітабын Кеңес мектебінің ұжымына, мектеп директоры Жүністегі Мешітбай Жорабекұлына табыс етті. Аудандық оқуға Құрылыс, Новорыбин, Ақкөл №3, Еңбек, Кирдищев, Амангелді негізгі мектебі, Искра мектебі, Барап негізгі мектебінің оқушылары қатысты. Оқушылар үш кезең бойынша бақ сынасты. Оралхан Бөкейханның шығармаларынан жатқа үзінділер оқып шықты.Проза мен поэзиядан мәнерлеп оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша Жайық Бектұров атындағы №3 мектептің 8– сынып оқушысы Айдарбеков Арман Гран при иеленді. Жетекшісі Дорж Март. І орын Мұратова Мадина 8 сынып оқушысы Амангелді негізгі мектебі, жетекшісі Жұмабекова Айгүл . ІІ орын Искра мектебінің оқушысы Жарқанат Ақерке, жетекшісі Толғанай Роза . ІІ орын Кирдищев орта мектебі Самат Мақсат 5 сынып оқушысы, жетекшісі Танхай Сәулеш, ІІ орын Өмірбек Мадина 6 сынып Новорыбин орта мектебі, жетекшісі Мекебай Әсемгүл, ІІІ орын Блатаева Аяна 7 сынып Минск орта мектебі , мұғалімі Бодан Әскергүл , ІІІ орын Бұланбаева Ақниет 7 сынып, мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы. ІІІ орын Рахимова Мерей 7 сынып Құрылыс негізгі мектебі, мұғалімі Сентаева Салтанат. Қалған оқушылар қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Оралхан атамыздың оқуына бастауыш сынып оқушылары да қатысты.Қорытындысы бойынша жүлделі І орынға 2 сынып оқушысы Жігер Бекболат ие болды. ІІ орынға Айткенов Рамазан мен Өмірбай Бернар иеленсе, ІІІ орын Тлеулин Исатай мен Насыров Расул ие болды. Жетекшісі зейнеткер ұстаз Аскенова Күлпаш Хамитқызы. «Білім негізі бастауышта» дегендей осындай жалынды жастарды тәрбиелеуде ұстаз еңбегі зор. Осындай оқулар мен сайыстар , байқаулар жиі болса, шәкірттеріміздің шыңдалары сөзсіз.