Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Өлкетанушы Хайролла Жармухановпен кездесу

22.05.2019

Моншақтының мақтанышы

   Бүгін Кеңес орта мектебінде жерлес жазушы Хайролла Жармұханов атамызбен кездесу өтті.

Ұлт тағдыры, адам тарихы, ел мен жер тарихы  турлы тебірене жазған  жазушының өмірі мен еңбектерімен таныса отырып, толық ақпарат алдық.Сонымен қатар «Жер шежіресі – Ел шежіресі» атты кітабымен таныстық.

         Өлкетанушы Хайролла атамыздың «Моншақты – Ақкөл кітабы»

 6 бөлімнен тұрады.  І-бөлімде Моншақты-Ақкөл тарихы  Ресей деректемелерінде, ІІ-бөлім Аудан географиясы , ІІІ бөлім Аудан тарихы  кеңестік кезеңдерде  1917-1991 ж.ж,ІV –бөлім Белгілі адамдар, V-бөлім әдебиет, VІ-бөлім Ақкөл ауданы егемендік жылдарында  (жаңаша тарих) 1991 жылдан бастап, екі тілде жазылған.

         «Ұстаз жақсылықты нұсқайды бардың қадірін меңзейді» дегендей осы кітаптан да алатын ақпарат өте мол.

         Қарттық қадам басып сексеннің сеңгіріне жақындаған Хайролла атамызға зор алғысымызды білдіреміз. Кейінгі ұрпаққа ел тарихын танытып мұра еткен осындай кітаптар жазып қалдырғаны үшін шексіз ризамыз.

Кеңес орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Гүлжанар Есламбекқызы Аскенова

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст