Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Халықаралық балалар күні

02.06.2019

Кеңес орта мектебінде «Халықаралық балалар күніне»өткізілген

іс-шаралар есебі

     Халқыаралық баларды қорғау күніне және мектепшілік «Балапан» лагерінің ашылуына орай «Бала деген бір бақыт» атты концерт ұйымдастырылды. Ол концертте бастауыш сынып оқушылары ән салып, би билеп және де ойындар ойнады. Сонымен қатар мектепалды даярлық оқушыларынан бастап орта буын оқушыларына сыйлықтар берілді. Ауылымызға қонаққа келген балаларға да сыйлықтар ұсынылды. Концерттен соң барлығысы мерекелік ас, яғни торт, шырын, алма және кәмпит пен тоқаштармен тамақтандырылды. Бұл дастарханды жаюға ауылымыздың «Кеңес орман шаруашылығының» директоры Қарабаев Жолдасхан Байболатұлы  қаржылай көмек көрсетті. Содан соң бастауыш сынып оқушылары тас жолына  түрлі-түсті бормен «Бақытты балалық шақ» атты тақырыпқа суреттер салды. Мерекенің соңында барлық мектеп оқушылары шарларымен шағын парад құрып,  мектеп ауласын айналып шықты. Осылайша балалар күніне арналаған іс-шара сәтті аяқталды.

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст