Кеңес орта мектебінің 2018 жылғы 12- ақпан күні «Өзін-өзі тану»:
Махаббат пен шығармашылық педагогикасы атты онкүндік
аясында өткізілген іс-шаралар
12-ақпан күні «Өзін-өзі тану» декада аясында: «Махаббат
пен шығармашылық педагогикасы» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Мейірімділік-асыл қасиет» атты ашық
сабағы 5-6 сынып аралығында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әлеш
Сабырәлі өткізді. Сабақ барысында оқушылар көптеген шығармашылық жұмыстар
атқарды. Оқушылар топтық жұмыстарда белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.
Сабақта көптеген жаңа әдіс-тәсілдер қолданды. Оқушылар мейірімділік туралы ойларын ортаға салып, құндылықтарын
түсінді. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар өздерінің шығармашылық
өнерлерін көрініспен шыңдап жатты. Мұғалім мейірімділі туралы көптеген
мағлұматтар берді. Ал бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармене біріге отырып,
«Менің қызықты балалық шағым», «бақытты балалар», «Жүректер жүрекке», «Ынтымақ
бар жерде –бақыт бар» атты қабырға газеттері мен ашық хаттар жасады.