Текст
Кеңес орта мектебінің
Латын Әліпбиіне көшуі туралы іс-шараның есебі
Кеңес орта мектебінде 23-желтоқсан
күні«Латын Әліпбиі ХХI-ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі » атты
мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Кеңес орта мектебінің ата-аналары мен мектеп
ұжымы түгелдей қатысты. Жиналыс барысында қазақ тілі пәнінінің мұғалімі
Мұратхан Әлемгүл «Латын Әліпбиі ХХI-ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің
негізі » атты баяндама оқыды . Баяндама соңында ата-аналар латын Әліпбиін
оқытуын өтінді.Қаңтардың 9-ы күні 6-сыныпта қазақ тілі пәні мұғалімі Әлеш
Сабырәлі «Латын әліпбиі: Жаңғыру жазудан басталады» атты ашық тәрбие сағатын
ұйымдастырды.Тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысты.