Кеңес орта мектебінде мұғалімдер арасында өткен
«Үздік педагог-2018»
Кеңес орта мектебінде желтоқсан айының 23-де мұғалімдер
арасында
«Үздік педагог-2018» атты конкурс өтті.
Байқаудың
мақсаты:
- Шығармашылықпен
жұмыс істейтін ой өрісі кең, парасатты өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар,
ғылыми –әдістемелік шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін
көтеретін ерекше тұлғаны анықтау;
- Мұғалімдерді
өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру, озық педагогикалық
іс-тәжірибелерді насихаттау, тарату және аудандық кезеңге іріктеу;
Конкурсқа
қатысқан мұғалімдердің тізімі:
1.«Бастауыш сынып» мұғалімі Ахметова Жұпар Жанболатқызы.
2.«Өлкетану» пәнінің мұғалімі Мамут Үмітгүл.
3. «Тарих» пәнінің мұғалімі Ахметова Қымбат Төлегенқызы
4. «Бастауыш сынып» мұғалімі Жарқын Нұрлыгүл
Бұл конкурс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша қатысушылар «Мұғалімнің
жұмыс жүйесі» атты Презентацияларын қорғады. Ұстаздар мектепте пән
бойынша бейнесабақ немесе ашық сабақ фрагменттерінен көрсетті. Екінші кезең
таныстыру.
Бұл кезеңде әр ұстаз өзін әр қалай таныстырды. Біреуі
өлең жолдарын оқып ақындық өнерімен таныстырса, ал енді біреулері слайд арқылы
таныстырып жатты.
Үшінші кезеңде шығармашылық есеп «Ұстаз атына лайық ...» атты
фотокөрме, оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалану жолдары, мұғалім
өзінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылық іс-әрекетін көрсетті. Төртінші кезеңде әр ұстаз өз өнерлерін ортаға салды.
Конкурс өте қызықты өтті. Жеңіске тарих пәні мұғалімі Ахметова Қымбат
Төлегенқызы жетті. Ахметова Қымбат
Төлегенқызы аудандық конкурсқа жолдама алды.
«Ең үлгілі ұстаз» номинациясына бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Жұпар Жанболатқызы, «Ең
белсенді ұстаз» номинациясына бастауыш сынып пәні мұғалімі Жарқын
Нұрлыгүл , «Ең жас ұстаз» номинациясына өлкетану пәні мұғалімі Мамут Үмітгүл ие
болды.