Желтоқсанның 11-і
күні ««Ұлы жетістіктер мекені»» атты Тәуелсіздігіміздің 26-жыл толуына
сәйкес күніне мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара
барысында Мектебіміздің жетістіктері мен аға буын мұғалімдерімен кездесу өтті.
Білім тірегі –білікті ұстазда. Ұстаз қауымы оқушыларды білім нәрімен
сусындатады. Оқушы ұстаз берген білім нәріне қанып, самғап ұшады. Атап айтсам, Теміртас Рамазанұлы, Бақыт
Шотанқызы, Бақытжамал Ануарбекқызы құттықтап жылы лебіздері мен ризашылықтарын
білдірді. Мектеп директоры Мешітбай Жорабекұлы Тәуелсіздіктің 26 жылдығы қарсаңында мақтау грамоталарын аға буын
ұстаздарына ұсынды. Оқушылар ұстаздарды
құттықтап гүл шоқтарын ұсынды. Мерекелік концерт өте жақсы өтті. Шақырылған
қонақтар мен ұстаздар қауымы зор алғысын білдірді. Желтоқсанның 12-і күні «Жаңа қазақ әліпбиі-жаңа көзқарас» атты дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстел
барысында оқушылар латын әліпибінің тарихына тоқтала отырып, өз пікірлерін
білдірді. Желтоқсанның 12-і күні «Алаш қозғалысына -100 жыл» атты дөңгелек үстел
өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Алаш» партиясы және оның мүшелері
туралы көптеген мағлұматтарды слайд және видео арқылы көрсетті.Оқушылар «Алаш»
партиясының мүшелері туралды рефераттар қорғады. «Менің туған өлкем» атты
бастауыш сыныптарды сурет көрмесі өтті.
Сурет көрмесіне
барлық оқушылар белсенді қатысып, 1-орынға 2 сынып оқушысы Толқын Айбұлан,
2-орынға Мұғаз Ризаби,3-орынға Аманжол Мирас ие болды. 1-11 сыныптар аралығында
«Желтоқсан желі» атты сынып сағаттары өтілді. Желтоқсанның 13-і күні 7-11 сынып
аралығында «Тәуелсіз елімнің-ерліік жолы» атты ашық тәрбие сағатын Жунусов
Балғабай Жорабекұлы өткізді. Ашық тәрбие сағатында Оқушыларға
«Тәуелсіздігіміздің қандай жолмен келгені» туралы видео ролик және сұрақтар
арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдады. Оқушылар белсенді қатысып, еліміздің
экономика салысының, медицина саласының және білім саласыныңы жетістіктерін
айқын көрсете білді.
Желтоқсанның 14-і «Рухани жаңғыру» реформасы бойынша
«Рухани жаңғыру-Қазақстанның жаңғыруы» атты ашық сынып сағатын тарих пәні
мұғалімі Ахметова Қымбат Төлегенқызы өткізді.
Ашық сабақ 3-кезеңнен тұрды.1-кезеңде оқушылар «рухани жаңғыру» туралы
ойларын рефераттар қорғады.Ашық сабақ барысында 8-сынып оқушысы Қайырбекова
Айнаш «Рухани жаңғырудың» жобасын ашып, слайд арқылы түсінік берді.
Оқушылар 3-топқа бөлініп, 2-кезеңде әр топ өз атына сай
слайд және видеоролик арқылы рухани жаңғыру туралы ойларын білдірді. 3-кезеңде
«Рухани жаңғыру» сөзін жалғастыр сайысы өтті. Сайыста «Қазақстан» тобы жеңіске
жетті. Желтоқсанның 14-і күні «Тәуелсіздікке-26 жыл» мерекесіне орай 5-сыныптың
оқушыларын «Жас қыран» тобына қабылдады. Желтоқсанның 14-і күні «Балбөбек»
шағын орталығында «Тәуелсіз –ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық
тәрбие сағатында даярлық сынып оқушылары Қазақстан Республикасының рәміздерін
және ән, би орындады.
Желтоқсанның
15-і күні «Отанымыздың жүрегі-Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік-іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар «Тәуелсіздікке -26
жыл» бастауыш сынып оқушылары атты әдеби –монтажын өткізді. Оқушылар
тәуелсіздік туралы көптеген тақпақтар мен лебіздерін білдірді. 7-сынып
оқушылары «Жаса, Қазақстан!» атты өлеңді нақышына келтіріп айтты.9-сынып
оқушылары «Желтоқсан желі» атты көрініс көрсетіп, көрермендердің ризашылығына
бөленді. Мерекелік іс-шара барысында ұстаздар қауымы «Салем Қазақстан» әнін
хормен орындады. Кеш соңында ауылымыздың
ақсақалы Айткенов Мадениет ата оқушыларға тәуелсіздік мерекесімен құттықтап,
оқушыларға батасын берді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметкалиева Қ.Б.