Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Мұратыңа жет, Мұрат!

02.05.2017

Мұратыңа жет,

Мұрат!

-        

«Ағай, мен  отызыншы сәуір күні келемін, сонан соң

бірінде қайтып кетуім крек басқа күндері босамайтын болдық»,- деп жауап берді

Мұрат,  менің мектеп оқушыларымен

кездесуге шақырып телефон соққанымда.

    Иә, өмірдің ағымының жылдамдап кеткеніне, сол

ағымнан қалмау үшін күні-түні еңбек ету керек екнін осы сәттерде

түсінгендейсің. Сонымен мектеп оқушыларымен кездесуді 1-мамыр күні өткізейік

деп келістік.      

        Кездесуге

алдын ала дайындалып, Мұрат әскери қызметін өтеп жатқан Астанадағы № 5573-ші

халық гвардиясы туралы интернет желісінен бірнеше бейнетаспаларды дайындап

қойдым.

     Біздің мектептің 2011-жылғы түлегі, қазір

Астана қаласындағы №5573-халық гвардиясының бөлімше командирі гвардиялық

сержант Мұрат Бекишевпен кездесуді Отанымыздың Қарулы Күштерінің 25-жыл толу

қарсаңында өткізу міндетімен жасалған іс-шара жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмысына

көп көмек беретінін айтпаса да түсінікті еді. Кездесу барысында бейнетаспаларды

көрсете бастағаным сол еді, Мұратым сөлеп берсін. Бір таң қалатын жағыдай,

кешегі өзіміздің шәкіртіміздің қалай өзгеріп кеткені еді. Әңгімесіне қарағанда

талайды көрген оқып-тоқығаны мол екені белгілі болып тұрды. Мектепте оқыған

жылдары Мұрат спортпен шұғылданып өзім бастап апарған аудан жарыстарында жүлделі

орындарға ие болып, аудандық  Махамбет

оқуларына жиі  қатысқан оқушылардың бірі

еді. Осыған орай кезінде менің осы Мұратқа шығарған бір-екі шумақ өлеңім еске

түсті:

 Мұратқа

Күрескерлер шықты шаршы алаңға,

Айла-тәсіл, күш-жігері бойында.

Қарсыласын салып алып «жамбасқа»,

Алып ұру әрқайсының ойында.

 

Соның бірі біздің Мұрат Бекишев,

 «Жасай бер!»-деп

қуануда ел іші.

Жастайыңнан спортпенен дос болсаң,

Көре бергін әрқашанда жемісін!

                             12.04.09ж

 

        Әңгіме барысында Мұрат азаматтық әскери борышын Шығыс Қазақстан облысындағы № 97638 -ші Гвардиялық Әуе

шабуылына қарсы Қорғаныс бөлімінде өтегені туралы, әскерден кейін контракт

бойынша осы қызметке орналасқанын, енді сырттай жоғары оқуда оқып жүргені,

алдағы күндері қандай   жоспарлыры бар

екені жайлы егжей-тегжейіне дейін айтып берді.

    Кездесу

барысында оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берген Мұрат, алдағы

өмірде жастарға білімсіз өмірдің қиын болатынына, алдағы қойған мақсатқа

жетудің бірден-бір жолы білім екенін сол білімді шыңдау бақытқа жету болып

табылатынын дәлелелдегендей еді.

    Біздің

мектептен шыққан түлектің бұндай әңгімесіне риза болған біз-ұстаздар, оған

алдағы уақытта генерал шеніне жетуге тілектес білдіріп, кездесуге келгені үшін

ризашылығымызды айттық.  

 

  Кеңес орта мектебінің алғашқы

әскери даярлық пәні мұғалімі Ережеп Көкенұлы Шерьязданов.

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст