Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

"Балғын сұлтан"

26.04.2017

Ашық тәрбие сағаты.

Кеңес орта

мектебінің жанындағы

«Балбөбек»

шағын орталығы.

Мектепалды

даярлық тобы.

 

Өткізген:

тәрбиеш і А.М. Айткенова

 

Тақырыбы: Балғын 

сұлтан.

Мақсаты: Білімділік -

Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай

 қалыптасқандығы,оның атадан балаға, үлкеннен –

кішіге мұра

 болып жалғасып отырғандығы туралы мағлумат

беру

Дамытушылық - Ұлттық ойын

түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып,

 жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын

арттыру

Тәрбиелік - Ата бабамыздан

бізге жеткен баға жетпес байлығымыз,

 асыл қазынамыз салт-дәсүірлерді, ұлттық ойындарды

біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу

«Көңіл

толқыны» күйі орындалады.

 Жүргізуші:

Ұлдар ер жетіп, қыздар бой жетіп,

Әлі-ақ уақыт зыр етер

Өнегелі өссе бұлар

Елімізді гүлдетер.

«Балғын сұлтан» сайысы

Көпке үлгі болады,

Қазағымның салт-дәстүрі

Көкірегіне қонады

Мына өскен бүлдіршіндер

Ата-салтын үйренсін

Өрге жүзсін, өнерлері

Бұлар елдің болашағы.

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, қонақтар! Сіздердің

алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұландарымыз «Балғын сұлтан» деп аталатын байқауға

қатысып, өз өнерлерін көрсетпек.

Байқаумызды бастамас бұрын біздің сайысымызға төрелік

етуші  әділқазылар  алқасын таныстырып өтейік.

Бірінші тілек сөзі мектеп директорына  М.Ж.Жунустегіне беріледі.

Музыка ойнайды.

Жүргізуші:

Балалар келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын 

осы дуға

Қызып келген қырандай көтерілед,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Сайысымыздың

1 бөлімі: « Өзін –өзі  таныстыру»,  «Жеті атасын айту»

Жүргізуші:  Сайысымыздың 2 бөлімі: «Өнерліге өріс  кең»

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Ата-баба жаңылмаған 

жолынан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан!

Балалар өз орнында отырып қамшыны өреді. Қамшыны шапшаң,

тез өрген бала жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

Қарсы алыңыздар! Кішкентай ханшайымдарымыздың орындауында

ән «Жақсы көрем».

Сайысымыздың

3 бөлімі: «Білгенге маржан»

Қоржынның ішінен асық алу арқылы берілген сұрақт арға жауап

береді.

1.    

Қ азақстан

Республикасының рәміздерін ата./әнұран, ту, елтанба, /

2.    

Жыл мезгілдерін

ата./көктем, жаз, күз, қыс/

3.    

Спорттық Ұлттық

ойындарын ата./бәйге, тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тарту, қыз қуу, қол күрес,

аударыспақ,қазақ күрес, асық ату, теңге алу/

4.    

Жеті қазына./жүйрік

ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау,

өткір кездік/

5.    

Төрт түлікті

ата./түйе, жылқы,сиыр, қой-ешкі/

6.    

Ұлттық аспаптарды

ата/домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, сазсырнай/

7.    

 Ұлттық салт-дәстүрлерді ата./бесікке салу,

тұсау кесу, сүндет той, тілашар, тоқым қағу/

8.    

 Отан туралы мақал-мәтел.  

9.    

2 мысықтың неше

аяғы бар?

Жүргізуші:  Жарайсыңдар

балалар!  Біздің ұлдарымыздың орындауында

«Жигиттер» биін тамашалаймыз.

Жүргізуші: Енді, балалар, байқауымызды жалғастырайық.

Жүргізуші: міне өсті  ойың да,

міне өсті бойың да, жарадың сен шаруаға, қуанттың сен әкеңді – дей отырып мына

тапсырманы орындайық.

Сайысымыздың

4-бөлімі:  «Асау атты

құрықпен  тұсап алу»

Жүргізуші:

Бес саусағым- бес өнер

Он саусағым-он өнер

Досым болсаң-сен егер

Өнерімді көре бер

Сайысымыздың  5-бөлімі: «Қажымұқан атаның ізбасарлары»

«Сайыскерлердің гирлерді көтеру күштілігі», қазақ күрес.

Жүргізүші:

Сайысымыздың

6-бөлімі: «Асық ату»

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма

Білім мен өнер жарысы

Тәрбие тәлім, талаппен!

Бұл бәйге дәлдеп, көздеп атып, мергендігін көрсету.

Жүргізуші: Тамашалаңыздар би «Шабандоздар» ұлдар тобы.

Жүргізуші: «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес». Расында

да өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта

түседі. Олай болса: «Қай істе де өнер қолдан, өнерлі адам жеңер болған»

дегендей, бүлдіршіндер күш-жігерімен көрерменді таң қалдыруы тиіс.

Жүргізуші:

Қазақ жұрты киелі

Өнерліні сүйеді

Ән мен күйді төгілтіп

Би билеп, ән салып береді.

Сайысымыздың  соңғы 7-бөлімі: «Бүлдіршіндердің өз өнерін

көрсетуі»

Музыка ойнайды, сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салады.

 Жүргізуші:

Достарым бар қуанып

Тамашалар кештерде

Тал шыбықтай бұралып

Биші болам өскенде- қыздарымыздың биін тамашалаңыздар. «Қыздар биі»

Жүргізуші:

Ал енді «Балғын сұлтан» сайысының  қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтап

беру үшін сөзді қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздар мына номинациялар бойынша бағаланды:

1.    

Балғын сұлтан

2.    

Қол өнер шебері

3.    

Зерделі бала

4.    

Асауға тұсау салған

5.    

Құралайды көзге

атқан

6.    

Кішкентай Қажымұқан

7.    

Балауса өнерпаз

8.    

Тапқыр бала

9.    

Батыл балақай 

Жүргізуші:

«Балғын сұлтан» сайысын өткізуге атсалысқан  әділ қазылар алқасына, өз өнерін  көрсеткен бүлдіршіндерге, ата-аналарға  алғыс айтамыз.

Өнерлі ұлдарымыздың өнері бұдан әрі де гүлденіп, өркендей

берсін!

Келесі кездескенше, сау саламат болыңыздар!

 

 

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст