Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

"Балғын сұлтан"

26.04.2017

                                     «Балғын

сұлтан» байқауы

       «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»

дегендей мектебімізде «Балбөбек» шағын орталығы жұмыс істейді.Орталықтың

меңгерушісі Ахметқалиева Қарлығаш Бекайдарқызы 

үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бала оқытып, тәрбиелеуде тәрбиешілердің

де  еңбегі өте көп.Ауыл тұрғындары

әрдайым ризашылықтарын білдіріп жүр.Баланың «Сегіз қырлы,бір сырлы» боп өсіп,

тәрбеленіп жетілуі осы ортаға да байланысты.

      Күні кеше сәуірдің 21-ші жұлдызы күні

даярлық сыныбында  «Балғын сұлтан» атты  байқау болып өтті.Байқауды ұйымдастырып

өткізген тәрбиеші Айткенова Алмагүл Мадениятқызы .Байқау жеті бөлім бойынша

өтті.

1.    

«Өзін-өзі

таныстыру»

2.    

«Өнерліге

өріс кең»

3.    

«Білгенге

маржан»

4.    

«Асау

атты құрықпен тұсап алу»

5.    

«Қажымұқан

атаның ізбасарлары»

6.    

 «Асық ату»

7.    

 «Өз өнерін көрсету»

Осы

кезеңдерден сүрінбей өтіп, тамаша өнер көрсеткен бүлдіршіндер көрермен

көңілінен шықты.

«Жігітке

жеті өнер де аз,жетпіс өнер көп емес»Расында да өнер адамды асқақ сезімге

бөлеп,адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсері сөзсіз.Өнерлі

ұлдарымыздың өнері өсе берсін.

Байқау

соңында жеңімпаздарға мынадай номинациялар берілді.

1.    

«Балғын

сұлтан»

2.    

 «Қол өнер шебері»

3.    

«Зерделі

бала»

4.    

 «Асауға тұсау салған»

5.    

 «Құралайды көзге атқан»

6.    

 «Балауса өнерпаз»

7.    

 «Тапқыр бала»

8.    

 «Батыл балақай»

Сайыс  сабақ

өте  жақсы деңгейде өтті.Мұғалімнің

ізденісі, жауапкершілігі, жан-жақтылығы 

үлкен әсер қалдырды.Тәрбиешінің еңбегі жемісті болып,осындай балғын

сұлтандар көп болсын,жетістіктеріміз зор болсын деген ізгі ниетпен шығармашылық

жолына сәттілік тілейміз.

Кеңес  орта мектебінің оқу-ісінің

меңгерушісі  Г.Е.Аскенова .

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст