Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

"Дарынды, білімді ұрпақ - тәуелсіздіктің тірегі"

17.04.2017

Дарынды, білімді ұрпақ – тәуелсіздіктің тірегі»

 Еліміздің дамуындағы стратегиялық

міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу

қажеттілігі-заман талабы болып тұр. Себебі ХХІ ғасыр ғылым мен техника ғасыры

екендігі баршамызға мәлім.Осындай ауқымда мәселені шешудің негізгі тетіктерінің

бірі-балалардың дарындылығын дамыту.Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық

деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған

мемелекеттермен терзесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды

элитаны қалыптастыру ісін қолаға алды.

    Дарындылық адам қоғамында және

бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен адам ресурсын барынша

жақсы пайдалану болып табылатынын сөзсіз.Бұл бағытта мемлекет тарпынан жас

талаптыларды қолдау бағдарламасы және Президенттің «Дарынды балаларға арналған

мектептерді қолдау мен дамыту»қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық

орталығы жасаған консепция қызмет етуде.

Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету

трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім

беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай

«жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір

айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем,

жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға

қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не

көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін

татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына

ұмтылып, онан  ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп,

«ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз

көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан

құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен,

үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере

отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін

және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты

қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиев те «Насихат» атты өлеңінде

өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым

таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды. Сондықтан қай уақытта да

дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Бұл тақырыпты

зерттеудегі өзекті мәселе: шығармашыл, даралық қасиеті бар

тұлғаны дамыту. Тума және жүре қалыптасатын дарындардың қабілетін ашу.

Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының

кең ашылуына жағдай жасау. «Бұлақтың дер кезінде көзін ашу». Дарынды

оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатында негіздемелер

жасау.Әдіснамалық негізі: Жұмыс барысында әлемдік және отандық

педагог ғалымдардың зерттеулері мен тәжірибелері басшылыққа алынды.

Педагогиканың жеке, дарынды оқушымен жұмыс жүргізу принциптері ескерілді.

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау барысында тәжірибелі педагогтардың ойлары

еленді. Теориялық білімді практикада қолдануға қадам жасалды.Ізденіс

жұмысының кезеңдері: дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар мен

зерттеулер негізінен негізгі бөлімде қамтылды. І- кезеңде тәжірибелі

ұстаздардың бұл бағыттағы жұмыстары зерттеліп басшылыққа алынды.ІІ- кезеңде

тәжірибе жасалып, дарынды оқушылармен тиісті жұмыстар атқарылып, шаралар

ұйымдастырылды. ІІІ- кезеңде жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, нәтижелері

анықталып бір жүйеге келтірілді. Мұнда дарынды оқушылармен жұмысқа зерттеулер

жасалып, іс жүзінде шаралар атқарылып, атқарылған жұмыстар жеткен

жетістіктерімен берілді.Экспериментті жүргізу жолдары іс жүзінде тақырыпқа орай

тәжірибеде айтылды.Тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушыларға дүниежүзілік

дамыған педагогикалық – инновациялық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар

негізінде тәрбие беру аса маңызды. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін негізгі

мақсаттардың бірі: тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы салауатты өмір

салтын сақтайтын, ұлтжанды, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке

тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Жылдан жылға тәрбие нәтижелерін көріп отырған

тәрбие сапасын бағалай білетін ата-аналар өз балаларын тәрбиелік дәстүрлері мол

қалыптасқан мектептерге беругеасығады. «Білікті педагог- білім мен тәрбие

кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыта

алады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – тәрбие мен білім алу.

Тәрбие арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды

тәжірибесін береді. Әсіресе дарындылық қабілеті жоғары оқушылар мұны көбірек

қажетсініп, үнемі жаңғырып, ізденіп отырады. Тума дарындар, қабілеттілігі

жоғары оқушылар үнемі өз ойын шығармашылығында көрсеткісі келеді. Сондықтан

орта білім беру орындарында оқушы дарыны мен шығармашылығын арттыратын

үйірмелердің, оқушылар бірлестіктері мен ұйымдарының, клубтарының мол болғаны

дұрыс. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралар мен

мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді. Дарынды оқушылармен жұмыста

оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жандандыру көп нәтиже береді. Мектепте

өткен ірі сайыстар мен додалар, біріншіліктер, интеллектуалдық тәрбиелік

шаралар, акциялар, сыныптан тыс жұмыстар және тағы басқалар оқушының қабілет

қарымын арттырады. Сонымен қатар мектептің тәрбие жұмысындағы қалыптасқан

жүйесі мен дәстүрлері де оқушыға игі әсер етеді.

           «Дарынды, білімді ұрпақ –

тәуелсіздіктің тірегі» деп бекер айтылмаған.Дарындылықты дамыту баларды

шығармашылыққа баулу мақсатында дарынды оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу,  үйірме секциялар ұйымдастырылды. Аудандық    VІ  

«Алтайдың Мұзбалағы»  атты  Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу

шеберлерінің сайысында 3орын иеленген Кеңес орта мектебінің 5сынып оқушысы  Ахметқалиева Ақниет марапатқа ие

болды.Кирдишев орта мектебінде өткен Аудандық VI Махамбет оқуы байқауында «Ел

құтқарар- ер едім» аталымы бойынша  

Жүнісхан Бағыжан  8сынып оқушысы

2-орынды иеленді. Махамбет оқуында орынды иеленді.Осы аталымен 7 сынып оқушысы

Қайырбекова Айнаш ынталандыру сыйлығының иегері. «Тартынбай сөйлер

асылмын»атталымы бойынша Жанай Әмина 8 сынып оқушысы 3-орын  иегері аттанды. XVI I I Аудандық Абай оқуы

байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарсы»аталымы бойынша 1-орын ды 8-сынып

оқушысы Жанай Әмина иеленді. XVI I I Аудандық Абай оқуы байқауының «Көңілім

әнді ұғады»аталымы бойынша 3-орын ды 10-сынып оқушысы Жүнісхан Бағыжан иеленді.

XVI I I Аудандық Абай оқуы байқауының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»аталымы

бойынша ГранПриді 10-сынып оқушысы Жарқынбек Бағыдат жеңіп алды.

       Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жарқынбек

Бағдатқа республикалық «Мағжан»оқуларында ГРАН ПРИ,облыстық айтыста 3-орын

иеленген қола медаль жүлдегері атанғаны үшін және 11-сынып оқушысы Мырзахмет

Рана халықаралық «Ғұмырдария» сайысында 2-орын, республикалық «Мағжан»

оқуларында жүлделі орын иеленгені үшін құрмет грамотасымен марапатталған

болатын.Осындай жетістіктеріміз өте көп.Оқушылардың білім мен өнерді бойларына

сіңіріп,жарыстарда жақсы жетістіктерге жетуі біздің мақтанышымыз десек артық

емес.

 

Кеңес орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аскенова Гүлжанар

Есламбекқызы.

 

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст