Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Шұғылалы шуақты күн

11.03.2017

Шұғылалы шуақты күн

       Кеңес орта мектебінде бүгін наурыздың

алтысы өте қуанышты күн болды.Мектебімізге аудандық білім бөлімінің басшысы

Ашимов Келешек Қуандықұлы мен әдіскер Жаншүгірова Алмагүл Сайлаубекқызы келіп

8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтап, аудандық, облыстық, республикалық

жарыстарға қатысып жүрген оқушыларды құрмет грамотасымен марапаттады.

       Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жарқынбек

Бағдатқа республикалық «Мағжан» оқуларында  ГРАН ПРИ, облыстық айтыста 3-орын иеленген

қола медаль жүлдегері атанғаны үшін және 11-сынып оқушысы Мырзахмет Рана

халықаралық «Ғұмырдария»  сайысында

2-орын,  республикалық «Мағжан»

оқуларында жүлделі орын иеленгені үшін құрмет грамотасымен, сонымен қатар

осындай озат шәкірттер дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызына алғыс хат табыс етілді.

       Мектебіміздің басшысы Жүністегі Мешітбай

Жорабекұлы қонақтарға алғысын білдіріп,көктемнің мерекесімен құттықтады. Осындай

шуақты күндер көп болып, жақсы жетістіктерге жете берейік. Мектебіміз гүлденіп,

нұрланып, жайнай берсе екен дегім келеді.

         «Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі

10-сынып оқушысы  Жүнісхан Бағжан.

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст