Текст
Кеңес орта мектебінде жоспар бойынша болып өткен
«Мерген ару-2017» атты
спорттық ойын
Кеңес орта
мектебінде «Мерген ару-2017» атты спорттық ойынын өткіздік. Ойынға 7-11сынып
қыздары мен ұстаздар қатысты. Ойын өте қызықты өтті. Ойынға 2 адамнан
кезектесіп вентовкамен тиісті жерге көздеп атты. I-орынға ие болған 8-сынып
оқушысы Болатбек Сая (32 ұпаймен)озып шықса, (25 ұпаймен) II-орынды бағындырған
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Жұпар Жанболатқызы болса, 11- сынып оқушысы Айткенова Әдема (18 ұпаймен)
III-орынды иеленді. Осы ойынды ұйымдастырған
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жунусов Ж.М. және алғашқы әскери
дайындық пәні мұғалімі Шерьязданов Е.К. жеңімпаздарды құттықтап, мадақтау
қағазымен марапаттады.