Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

«Денсаулық апталығы»акциясы

07.09.2019

Кеңес орта мектебінде «Денсаулық апталығы»акциясы бойынша өткізілетін іс-шаралар есебі Кеңес орта мектебінде 02.09.-06.09.2019 аралығында «Денсаулық апталығы» акциясы бойынша әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, оқушыларды әр түрлі спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады. 2-қыркүйек күні «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты таңертеңгі жаттығу ұйымдастырылып өткізілді,оған барлық оқушылар қатысты.Қазақ тілі пән мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы «Денсаулық-зор байлық»эссе байқауын өткізді. 3-қыркүйек күні «Дені саудың-тәні сау»атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Куклина Зинайда Михайловна ұйымдастырды.Дене шынықтыру пән мұғалімі Жунусов Жандос Мешітбайұлы 7-10 сынып аралығында волейбол жарысын өткізді. 4-қыркүйек күні «Салауатты өмір жасайық!»атты жүгіру жарысы өткізілді.Оған 1-11 сынып оқушылары қатысты. 5-қыркүйек күні мектеп медбикесі Колосовская Светлана Леоновна 6-10сынып аралығында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»атты сауалнама жүргізді. 6-қыркүйек күні 2-4 сынып аралығында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл»атты тәрбие сабағы өткізілді. Сабақ барысында әр сынып слайд,сөзжұмбақ, ребус дайындап, сыныптар арасында өзара сайысқа түсті.Сабақ қызық өтті Жоспар бойынша барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Осы өткізілген іс-шаралар арқылы оқушылар бойларына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жүректерінде тек жылулық ұялатып, жақсы азаматтар болып өседі деген ойдамыз. Тәрбие-ісінің меңгерушісі: К.Б.Ахметкалиева

Просмотров: 752


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст