Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

"Тіл - достықтың көпірі"

21.09.2019

Кеңес орта мектебінде қыркүйектің 9-20 аралығында «Тіл-достықтың көпірі» атты онкүндік ұйымдастырылды. Дүйсенбі күні «Ана тілінің аясын кеңейтейік» атты баяндаманы қазақ тілі мұғалімі Аятхан Жәнібек оқыды. «Тіл –ұлттық қазына» атты кітап көрмесін кітапханашы апай Зинайда Михайловна дайындады. Сейсенбі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аскенова Гүлжанар Есламбекқызы мектепішілік «Ақкөл азаматымен ажарлы» Ережеп Көкенұлының жазған кітабымен танысу мақсатында жазушымен кездесу өткізді.Кездесу барысында оқушылар Ережеп Көкенұлына сұрақтар қойып,пікір алмасты.Кітап жазудың қыр-сырымен танысты. Сәрсенбі күні «Ертегілер еліне саяхат» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары өте белсене қатысты.Әр оқушының жұмысы бағаланып жүлделі орындар берілді. Бейсенбі күні ақын-жазушылардың өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы өтті.Абай,Мұқағали,Мағжан,Махамбет өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Оқушылардың еңбегі бағаланып,орындар берілді.Атап айтсам 5-сынып оқушысы Александрова Алтынай,5-сынып оқушысы Өмірбай Гүлзат пен Ералина Саяжан,Жаналин Арыстан және 7-сынып оқушысы Бақытбек Ақбота сияқты оқушылар керемет қатысты. Жұма күні «Жүзден жүйрік»байқауы өтті.6-7 сынып оқушылары жақсы қатысты.Мақал-мәтелдерді жалғастыруда алдарына жан салмай жарыса түсті. Сабақ соңынан мадақтамалармен марапатталды. Дүйсенбі күні «Язык мой-друг мой» атты орыс тілінен ашық сабақ өтті.Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жаналина Г.С сабақ барысында оқушыларға әртүрлі қызықты тапсырмалар берді.Екі сыныптың да оқушылары асқан қызығушылық танытты.Сабақ өте жақсы өтті.Оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылықтары басым болды. Сейсенбі күні Ағылшын тілінен 6-7 сыныпта «Полиглот» атты сыныптан тыс сабақ өтті. Оқушылар «Қыран» және «Тұлпар» тобы болып екіге бөлінді.Сабақ слайд арқылы бірнеше кезеңдерден тұрды.Ағылшын тілінде, орыс тілінде. Қазақ тілінде аударма жасап отырды.Сабақта оқушылар еркін отырды.Сыныптан тыс сабақ жақсы дәрежеде өтті.Пән мұғалімі Бағдәулет Ақжол жас болса да жақсы дайындалып жақсы нәтижеге қол жеткізді. Сәрсенбі күні «Жас келсе іске»дегендей жас маман қазақ тілінің мұғалімі Аятхан Жәнібек «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Бейсенбі күні «Ана тілім мақтанышым» атты шығармалар байқауын өткізді. Нәтижесінже 1-орынды 11 сынып оқушысы Жакенова Камила мен 10 сынып оқушысы Қайырбекова Айнаш жеңіп алды.2-орынды 11 сынып оқушысы Мусенова Дильназ иеленді. Жұма күні «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты қорытынды кеш өтті.Бұл кеште әр сынып өз өнерлерін көрсетті. 1-сынып үш тілде жаттаған тақпақтарын айтты.Үш ұлттың киімдерін киіп,ерекше көзге түсті. 2-сынып қазақ тілінде тақпақтар оқып,қазақ биін биледі. 3-сынып көркем сөз оқып және тамаша көрініс көрсетті. 4-сынып орыс тілінде, қазақ тілінде тақпақтар оқып,мың бұрала әсем биін ұсынды. 5-сынып ұлттық киімдерімен көркем сөздерін мәнерлеп оқып,қазақ билерін орындады. 6-сынып М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. 7-сынып М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқып,керемет билерін биледі. 8-сынып ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқып шықты. 9-сынып Қайрат Өріс деген оқушы қытай тілінде оқып,көрерменнің көңілінен шықты. 10-сынып оқушылары көркем сөз оқыды. 11-сынып оқушылар даналық сөздерден үзінді оқып,көрініс көрсетті. Осылайша тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара жақсы деңгейде өтті. Тіліміздің мерейін өсіріп,ана тілімізді ардақ тұтып,өзге тілдерді үйреніп,меңгеруге күш салайық! Г.Е.Аскенова

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст